Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Арыстағы жарылыс қаупі сейілген жоқ - Ю. Ильин

AstanaTV
25.06.2019ж. 16:00
2029
Арыстағы жарылыс қаупі сейілген жоқ - Ю. Ильин

Арыстағы жарылыс қаупі сейілген жоқ. Екі қару-жарақ қоймасындағы өрт ауыздықталғанымен, тағы біреуіндегі тұтанған от әлі де басылмай тұр. Қорғаныс министрі осындай мәлімдеме жасады. Ал Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қазір қызыл жалынды сөндіру үшін мыңнан аса құтқарушы жұмыс істеп жатқанын айтты. 200-дей техника тартылған. Вице-министр өртті сөндіру үшін оқ өтпейтін техника қолданатындарын да айтты. Ал қалаға оралу әлі де қауіпті. Өйткені үйлер мен теміржолдарда жарылмай қалған снарядтар жатыр. Сондықтан құтқарушылар тұрғындардың төтенше жағдай аумағына, қалаға қайтып келмеуін ескертті.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен әуеден барлап көрдік. Әскери қару-жарақ қоймасы аймағында әлі тұтанып тұрған ошақтар бар. Қауіп сақталады. Дегенмен, алқашқыда болған жойқын жарылыс қайталанбайды деп ойлаймыз. Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен әуеден барлап көрдік. Әскери қару-жарақ қоймасы аймағында әлі тұтанып тұрған ошақтар бар. Қауіп сақталады. Дегенмен, алқашқыда болған жойқын жарылыс қайталанбайды деп ойлаймыз.

А. Бектас