Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Арыс тұрғындары қауіпке қарамастан үйлеріне барып, құжаттарын алуға тырысып жатыр

AstanaTV
25.06.2019ж. 20:00
2611
Арыс тұрғындары қауіпке қарамастан үйлеріне барып, құжаттарын алуға тырысып жатыр

Арысқа келушілер қауіпке қарамастан үйлеріне келіп, құжаттары мен заттарын алуға тырысып жатыр. Бүгін тілшіміз Ерлан Сисенов Арыс қаласына барған еді. Қазір студиямен байланысқа шығуға әзір. Ерлан, Арыстағы жағдайды, көріністі баяндап берсеңіз. 

Ерлан СИСЕНОВ, ТІЛШІ: 

Ия, Оксана, қазір Арысқа кіру мүмкін емес. Әскери қызметшілер тәулік бойы кезекшілікте тұр. Бірақ кейбір тұрғындар жеке заттары мен құжаттарын алу үшін қалаға кіріп көруге тырысып әлек. Бірақ, барлық кіреберіс қоршауға алынған. Ішкі істер министрлігі әлі де жарылыс қаупі барын айтады. Алайда халық бұған қарамастан, үйлеріне баруға асық. Біз жарылыс болған аймаққа арнайы барып көрдік. Әскери бөлімге кіру мүмкін болмады. Байқағанымыздай, ол маңайды әскерилер қатаң бақылауға алған. Мынау снаряд түскен тұрғын үй. Қазір аумақта өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Бастысы - өрт толық ауыздықталған, бірақ өрт сөндірушілер әлі жұмысын тоқтатқан жоқ. Ал аса қауіпті аумақтарда тек брондалған техника жұмыс істеп жатыр. Кез келген сәтте снаряд қалдықтары ұшуы мүмкін. Ал жарылыс болған әскери бөлім жаққа ешкім жіберілмейді. Байқағанымыздай, әскерилер күні-түні кезекшілікте тұр. Біз қалаға кірген кезде тек бір көлік пен 7 адам ғана бар еді. Одан кейін тағы бірнеше көлік келді. Сәт сайын қауіпсіздік күшейтіліп жатыр. Ал қала толығымен қирап қалды деп айта алмас едім. Оксана...