Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түркістандық оқушы биылғы ҰБТ-да максималды 140 баллды иеленді

AstanaTV
25.06.2019ж. 20:00
3644
Түркістандық оқушы биылғы ҰБТ-да максималды 140 баллды иеленді

Түркістандық оқушы биылғы ҰБТ-да максималды 140 баллды иеленді. Ол Сарыағаш ауданының түлегі - Жұбай Қасымжан. Алтын белгі иегері күні кеше тестілеуден өткен. Ал бүгін оның 5-ші легі. Республика бойынша ҰБТ тапсыруға өтініш берген оқушылардың 96 пайызы сынақты тапсырып болды. Олардың 100-ден астамы аппеляцияға шағым түсірген. 

Әділет ТОЙБАЕВ, ҚР БҒМ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Аппеляцияға келетін болсақ, 63 аппеляцияны біз қабылдады. Олардың көбісі техникалық қателіктерге байланысты. Және де жалпы сұрақтар бойынша болған. Нақты пәндердің тізбесін және қандай сұрақтар екенін қазір айта аймаймын, кейінірек айтатын боламыз.  

Биыл оқушылар арасында ең көп таңдалған физика пәні. Екінші математика және үштікті биология пәні қорытындылап тұр. 

Ә. Өмірзақ