Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент банктік қарыздарды кешіретін біржолғы акция өткізу туралы жарлыққа қол қойды

AstanaTV
26.06.2019ж. 20:00
4133
Президент банктік қарыздарды кешіретін біржолғы акция өткізу туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстандықтардың несие қарызы мен өсімпұлы кешіріледі. Мұндай жарлыққа президент қол қойды. Әлеуметтік жеңілдікті көп балалы отбасылар, мүгедек баласы барлар, асыраушысынан айырылғандар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жетім балалар ала алады. Елде мұндай несиелерге батып қалғандардың саны 500 мыңнан асады. Көбісінің қарызы 1 миллион теңгеден аспайды, ал орташа берешегі 300 мың теңге. Үкімет банктен немесе шағын несие ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақыны өтемек. Бұдан бөлек, олардың биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 млн. теңгеден аспауы тиіс. Бұл 250 мың адамның несиесін тұтастай жабылады деген сөз. Қалған несие алған азаматтардың қарыздары 300 мың теңге мөлшерінде өтеледі. Бұл біржолғы акция. Ал бұдан былай банктер де оңды-солды кепілсіз тұтынушылық несиелерді бере алмайды. Президент Ұлттық банкке оны қатаң бақылауды тапсырды. Президент жарлығына қатысты жаңашылдықтарды ертең Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің мамандары арнайы брифингте толығырақ түсіндірмек. 

Г. Меңдеева