$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Путин мен Трамп осы жұмада кездеседі

AstanaTV
27.06.2019ж. 20:00
2082
Путин мен Трамп осы жұмада кездеседі

Ал мұнай бағасы тағы да арзандай бастады. Бренд маркасының баррелі 66 доллар шамасында. Бұған Трамптың "Қытайға қосымша салық саламын деген" мәлімдемесі әсер етіп отыр. Дональд Трамп G-20 саммитінде Қытаймен келіссөз сәтсіз өтсе, осындай қадамға баратын жоспарымен бөліскен. Ал АҚШ басшысының тағы бір бәсекелесі Владимир Путимен ертең осы саммит аясында кездесетіні белгілі болды. Трамп Fox News- ге берге сұқбатында Ресеймен мәмлеге келгісі келетінін мәлімдеген. Тараптар бұл жолы Иран, Венесуэла мен Украинадағы жағдайды, қару- жарақтануды қадағалау, екі жақты қарым- қатынас пен сайлауға «араласу» тақырыптарын да талқыламақ. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, екі лидер стратегиялық тұрақтылық сұрақтарын да көтеруі мүмкін. Сирия мен Ауғанстандағы қақтығыстар жайында да сөз болмақ. Қазір Осакаға әлем елдерінің басшылары келіп жатыр. Си Цзиньпин мен Реджеп Эрдоганның ұшақтары қонып үлгерген. Экономика мен қаржы мәселелері қаралатын халықаралық әріптестік форумы маусымның 28-29 күндері өтеді.

А. Қуаш