Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Оралман мәртебесін беру тәртібі өзгереді

AstanaTV
27.06.2019ж. 20:00
4258
Оралман мәртебесін беру тәртібі өзгереді

Жүздеген оралманға азаматтық берілмей жатыр. Өйткені Ауғанстаннан келетін қандастар төлқұжатында "қазақ" деген сөз жоқ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді. Бүгін Парламент мәжілісінде көші-қон процестерін реттеу мәселесіне қатысты заң жобасы таныстырылды. Енді оралман мәртебесін беру тәртібі өзгеруі мүмкін. Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат берудің қолданыстағы тәртібі бойынша этникалық қазақтар алдымен ықтиярхат алуға, содан кейін жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығын алу үшін кезең-кезеңмен ішкі істер органдарына жүгінеді. 

Ақмәди САРБАСОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Осыған орай, оралмандар үшін қолайлы жағдай жасау үшін, сондай-ақ өткізілетін құжаттардың тізбесі қайталануына байланысты, өзі ниет білдірген өтініш берушінің тұрақты тұруға рұқсатты және Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттарды бір мезгілде беру мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан көздеу ұсынылады 

Н. Біләл