$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Еуразия" кинфестиваліне келген шетелдік мамандар қазақстандық киногерлерді іздеп келді - Е. Тұрсынов

AstanaTV
02.07.2019ж. 20:00
2343
"Еуразия" кинфестиваліне келген шетелдік мамандар қазақстандық киногерлерді іздеп келді - Е. Тұрсынов

Еуропа мамандары бұл жолы қазақстандық киногерлерді іздеп келді. "Еуразия" фестивалі аясында сұхбат берген Ермек Тұрсынов осылай деді. Ол отандық кино мамандарына үлкен сенім артып отыр. Елордада басталған 15-ші халықаралық додаға Франция, Қытай, Оңтүстік Корея мен Ресей елі өз туындыларын ала келген. Биыл 12 толықметражды және 12 қысқаметражды фильм ұсынылды. Фестиваль ұйымдастырушылары бұл жолы ұлттық туындыларға басымдық берілетінін айтады. 

Ермек ТҰРСЫНОВ, «ЕУРАЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Фестивальдің ең ерекшелігі - біз тек қана болашаққа жұмыс істеп жатырмыз. Үмітіміз өте зор. Әсіресе біздің жастар. Фархат, Эмир Байғазин, Әділхан Ержановтар олар енді Еуропаға танымал режиссерлер. Соларды іздеп келеді: не істеп жатыр, қандай сценарийлер жазып жатыр деп.

Эмилье ПИПОННЬЕР, АКТРИСА /ФРАНЦИЯ/:

Қазақстанға келгенімізге өте қуаныштымыз. Біз ұсынып отырған фильм «Алиса» деп аталады. Ана мен бала тақырыбы, ондағы мәселелер біздің елде де өзекті. Және қоғам бұған ешқашан бей-жай қараған емес. Біз фильмнен соны көрсеткіміз келді. 

А. Бектас