Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ақтөбеде әлеуметтік нысандарды күзеткен мекеме қызметкерлері жарты жылдан бері жалақы алмаған

AstanaTV
03.07.2019ж. 20:00
2473
Ақтөбеде әлеуметтік нысандарды күзеткен мекеме қызметкерлері жарты жылдан бері жалақы алмаған

Ақтөбеде күзет мекемесінің қырық шақты қызметкері жарты жылдан бері жалақы алмаған. Мекеменің жұмысшылар алдындағы қарызы 13 миллион теңгеден асып кеткен. Айлап жалақы алмаған жұмысшылар қарызға әбден батқтық деп отыр. Тілшіміз баяндайды.

- Қанша тұра тұруға болады. Январдан бастап тұра тұрмыз. У всех семьи дети есть. 

Бұл ашулы халық «Семсер Секьюритти Сервис» мекемесінде жұмыс істейді. «Нұр- Ақтөбе» мөлтек ауданында салынып жатқан мектептер мен тұрғын үйлерді күзететін қызметкерлер алты айдан бері жалақы көрмеген. Елу, алпыс мы теңгелік айлық алмағалы қарызға белшеден баттық деп отыр.   

Жексенбай МҰҚӘДІЛОВ, ЖҰМЫСШЫ: 

Айлық ала алмай жүрміз. Желтоқсаннан бері алмағандар бар. Кеше январь, февраль, мартты алған жоқпыз. Апрель мен майды былай қойғанда. Апрель айынан бері аяғым ауырып больничныйға шықтым. Екі рет операция жасаттым. Ақша таба алмай кредит алып істеттім. Барсақ ақша аударылмады. Ақша жоқ дейді.

Талғат ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ЖҰМЫСШЫ:

Бес айдан бері зарплата алмадық. Мойнымда кредит тұр қаншама. Төрт балам бар. Понедельникке дейін ғана күтеміз.

«Семсер Секьюритти Сервис» мекемесі «Ақтөбе ЭлектроСеть Строй» ЖШС нысандарын күзеткен. Бірақ көрсетілген қызмет үшін аталмыш мекеме осы күнге дейін төлемді кешіктіріп келіпті.  

Алмандық ҚҰЛДАНОВ, «СЕМСЕР СЕКЬЮРИТТИ СЕРВИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Менің Заказчигім ТОО «Ақтөбе ЭлектроСеть Строй» оларда финанстық қиындықтар болды. Біз оларды түсіндік. Шыдадық. Шоттары жабылды. Налогтан проблема болды деп естимін. Олардың қарызы өсе берді. Қазір февраль, март, апрель, май, июнь төленген жоқ. Сондықтан жұмысшылар әрі қарай жұмыс істемейміз деді. Келісімшартты бұзуға тура келді.

Жалпы мекеме жұмысшыларға 13 млн 185 мың теңге берешек. Жұмысшылар Облыстық еңбек инспекциясына, басқа да құзырлы орындарға арызданған.  

Ұшқын МЫҢБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оның себептері екі компанияның арасында келісім-шарттағы мәселеге байланысты. Біздің әкімдік тарапынан осы аталған нысандарға жұмыс жасап жатқан тиісті қаржы уақтылы төленіп тұрды. Әкімдік тарапынан берешек жоқ. Қазір келісімге келді. Бір ай ішінде қаржы төлеуді шешу жөнінде.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

Материал эфирге дайындалып жатқанда еңбек инспекциясы күзет компаниясының есеп шотына екі миллион теңге көлемінде алғашқы төлем аударылғанын хабарлады. Қалған қарыз бір ай көлемінде толықтай төленуі тиіс екенін айтқан. Бұл мәселені қала әкімінің өзі тікелей бақылауына алыпты.

Б. Рахметова