Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақмола облысында көлік апатынан 6 адам қаза тапты

AstanaTV
09.07.2019ж. 20:00
2940
Ақмола облысында көлік апатынан 6 адам қаза тапты

Ақмола облысында жантүршігерлік апаты болды. 6 адам тіл тартпай кетті. Тағы алтауы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. 3 автокөлік «Алматы-Екатеринбург» тас жолында соқтығысқан. Жедел тергеу тобы Атбасардан Нұр-Сұлтан қаласына жолға шыққан мерседес маркалы машина қарсы бетке шығып, екі бірдей көлікпен қақтығысып қалғанын анықтады. 

Гүлнар ПИНЧУК, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

Ал ажалдан аман қалғандар Астрахан аудандық орталық ауруханасы мен елордадағы емдеу мекемесінде жатыр. "Медицина мамандары оқиға орнына дер кезінде жетпегенде опат болғандар саны бұдан да көп болар еді", дейді жедел жәрдем станциясының бас дәрігері. Бірақ көбісінің жағдайы тым ауыр. 

Александр ВЫСОЦКИЙ, ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОБЛЫСТЫҚ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Алты адам алдымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Біреуі әлі сонда ем қабалдып жатыр. Ал екі адам кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға жіберілді. Үш бала амбулаторлық ем қабылдайтын болды. 

Д. Қайыртай