Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өскеменде тау-кен кәсіпорнының мамандарын ақпаратты қорғау және киберқауіпсіздікке оқытылады

AstanaTV
09.07.2019ж. 20:00
2793
Өскеменде тау-кен кәсіпорнының мамандарын ақпаратты қорғау және киберқауіпсіздікке оқытылады

Тау-кен өндіруші кәсіпорын қызметкерлері ақпаратты қорғау мен киберқауіпсіздікке оқытылады. Өскеменде арнайы айти-орталық ашылды. Онда өндірістік және тау-кен өндіруші компания мамандары өз біліктілігін көтере алады. Қазір аймақта жүрген мәжілісмендер шахталар мен зауыттарда ЗД технологиясының көмегімен кәсіпорын моделі жасалатындығын айтты. Соның көмегімен мамандар виртуалды түрде мұнай құбырындағы жарылуы немесе өнеркәсіптегі қамтамасыз ету жүйесіндегі іркілістерді анықтап, жоя алады.

Геннадий ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Бұл енді нағыз қызметкерлер жұмыс істейтін бұл 3 д модель дүниесі жасақталған. Яғни алдағы уақытта бұл мекеменің адамдары келіп, кез-келген өздерінің қызметкерлерін квалификациядан қайта өткізіп, алдағы уақытта олардан нағыз маман шығарады.

Зоя НОВОЛОДСКАЯ, «СИЛУМИН-ШЫҒЫС» ЖШС ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Біріші қабатта алтынды бөліп алу фабрикасының виртуалды ақиқаты көрсетілген. Мұнда диірмен қалай жұмыс істейді, қандай жөндеу жүргізуге болады, штаттан тыс қандай жағдайлар орын алуы мүмкін, барлығын қарауға болады. 3Д бойынша біліктілігін арттырған соң ғана біз маманды жабдықтарға өткізе аламыз. 

Б. Нәдірқызы