$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Туберкулезге шалдыққан оралдық мұғаліммен араласқан адамдардың денсаулығы тексеріліп жатыр

AstanaTV
11.07.2019ж. 20:00
2753
Туберкулезге шалдыққан оралдық мұғаліммен араласқан адамдардың денсаулығы тексеріліп жатыр

Оралда туберкулездің ашық түрін жұқтырған мұғаліммен байланыста болған 100-ге жуық адам тексерілді. Нақты қорытынды ертең белгілі болмақ. Бүгінде мектепте дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-алдын алу шаралары күшейтілген. Жұқпалы дерт табылған мұғалім ем алып жатыр. 

Гүлжанар ГИЛЬМАНОВА, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ №47 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ :

Өзі білмеген. Мектеп ұжымы да білген жоқ. Себебі бізде мұғалімдер жыл сайын дәрігерлік тексеруден өтіп отырамыз ғой. Жұмысқа жіберілді деген рұқсат белгісі бар. Мүмкін соңғы уақыттарда жұқтырып алуы мүмкін. Ол жағын нақты біз, қайдан жұққаны туралы нақты ақпарат айта алмаймыз. 

Мектеп мұғалімдері жаңа оқу жылы басталарда жыл сайын дәрігерлік тексеруден өтеді. Енді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл жұмыстарды күшейтпек. 

Мәдениет ТАНАУОВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ :

1-қыркүйектен бастап, барлық мектептерде санитарлық жұмыстарды күшейтуді жоспарлап отырмыз. Қазір қала аумағында өзіміз оқиғалардың тіркелуіне байланысты өзіміздің жоспарымыз дайын. Сол жоспарға байланысты әрі қарай жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

Е. Карин