$494.87 €520.65 ₽4.91
×

АҚШ Иранға қарсы санкциялардың күшін жойса, Тегеран келіссөзге дайын - Х. Раухани

AstanaTV
15.07.2019ж. 20:00
2415
АҚШ Иранға қарсы санкциялардың күшін жойса, Тегеран келіссөзге дайын - Х. Раухани

АҚШ Иранға қарсы санкциялардың күшін жойса, Тегеран Вашингтонмен келіссөздер жүргізуге дайын. Бұл туралы Ислам республикасының басшысы Хасан Раухани мәлімдеді. Сондай-ақ ол Американың ядролық қаруды шектеу бағдарламасына қайта қосылуын талап етіп отыр. 2015 жылы қол қойылған келісімнен АҚШ бір жыл бұрын шығып кетті. Осыдан кейін екі мемлекет арасындағы қайшылық өршіп, бүгінде тараптар қарулы күштерін жиі көрсете бастады. Иран АҚШ санкциясы қалпына келтірілгеннен кейін бірден жауап қайтармаса да, бұдан екі ай бұрын келісімнің кейбір шарттарын қысқартты. Ал осы аптада уранды байыту туралы қойылған шекті екінші рет бұзды. Осыған байланысты Дональд Трамп Иранға қарсы санкциялар тізімі біршама күшейтілетінін ескерткен еді. 

Хасан РУХАНИ, ИРАН ПРЕЗИДЕНТІ:  

Біз әрқашан келіссөздердің нәтижелі болатынын күттік. Егер олар бізді санкциялар арқылы қыспаққа алуды, бізге қарсы саясатты жүргізуді тоқтатар болса, біз өз тарапымыздан келсіссөздер жүргізуге дайынбыз.    

Н. Біләл