Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елде 109 заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек

AstanaTV
16.07.2019ж. 20:00
3521
Елде 109 заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек

Елде109 заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл туралы Қарағандыға барған Парламент Мәжілісінің депутаттары мәлімдеді. Олар түрлі салаларды реттейтін құжаттарды қайта қарау үшін өңірлерді аралап, тәжірибелі мамандармен пікірлесуге кіріскен. Кездесу Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында өтті. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, бұл академияда болашақ полицейлерге тәжірибелі заңгерлер дәріс беретіндіктен, олардың пікірі маңызды. Парламентте Әкімшілік, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу Кодекстеріне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Оның ішінде Атқарушылық іс туралы заңға сот орындаушыларының жұмысын жеңілдететін бірқатар баптар енгізу жоспарланып отыр. Мәселен, сот орындаушылардың өндірген ақшасына тыйым салу алынып тасталмақ. 

Асылбек СМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жетілдіретін заңдар көп. Соның ішінде ҚК, Қылмыстық іс жүргізу Кодексін жетілдіруіміз керек. Қазіргі ӘК жетілдіруіміз керек. Сондай- сондай заңдарды жетілдіру үшін олар Парламент қабырғасында қаралып жатыр. Сол үшін пікір алмасу үшін келіп отырмыз. Соларға толықтырулар мен өзгерістер енгізетін боламыз.

А. Қуаш