$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Астанада «Өмір тамаша!» атты кешенді алдын алу шарасы өткізілді

AstanaTV
20.10.2017ж. 20:00
4074
Астанада «Өмір тамаша!»  атты кешенді алдын алу шарасы өткізілді

Астанада суицидке қарсы кешенді алдын алу шарасы өткізілді. «Өмір тамаша!» деп аталатын акцияның мақсаты - өз өзіне қол сұғуға бейім азаматтарға көңіл бөлу. Сонымен қатар түрлі бақытсыз жағдайға ұшыраған, жүйке жүйесіне салмақ түскен жеткіншектерге құқықтық, психологиялық көмек көрсету болып табылады. Компьютерлік ойындарға тым әуес балғындар да назардан тыс қалмайды. Олардың басындағы проблемаға да мамандар жіті көңіл бөлмек. Флэшмобқа ювеналды полиция қызметінің учаскелік инспекторлары, жергілікті атқарушы органдардың, «Жас Отан» жастар қанаты мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері ат салысты.

Самал Ахмет, Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы:

Біз бұндай шараны жыл сайын ұйымдастырамыз. Мақсатымыз  - алдын ала шараларды жүзеге асыру. Яғни халыққа, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмай жатып, өмірдің қиындығына тап болған балаларға психологиялық, құқықтық көмек беру. Қиын жағдайға ұшырағанда не істеу керек, мәселені қалай шешуге болады деген мәселеде бағыт-бағдар беру.

«Өмір тамаша!» деген ұран аясында өткен акцияда сонымен қатар 300-ге тарта оқушылар мен студенттер жиналғандарға өз өнерін көрсету үшін барын салды. Қысқасы, әрбір қатысушыға керемет көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі жаңашылдықтар ұсынылды. Шараға келген ата-аналар да бұған дән риза. Ал жеткіншектерге қоғамдағы психологиялық тепе-теңдіктің алдын алу мақсатында пайдалы жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Таңшолпан Мишелова, оқушы:

Бұл шара өте пайдалы жастарға басқа жолға түспеуге. Маған ұнайды бұл жерде бәрі ұнайды, жақсы.