Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Туған жер» форумында кәсіпкерлерден 2 миллиард теңгеден астам қаржы жиналды

AstanaTV
20.10.2017ж. 20:00
2912
«Туған жер» форумында кәсіпкерлерден 2 миллиард теңгеден астам қаржы жиналды

Шығыс Қазақстанда өткен «Туған жер» форумында кәсіпкерлерден 2 миллиард теңгеден астам қаржы жиналды. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған акцияға облыстағы меценаттар ат салысты.

Шалғай ауылдардағы білім ошақтары осылай түрленетін болды. Эйнштейн атындағы мектепте сандық зертхана, сенсорлы тақталар мен компьютерлер заманауи үлгімен жарақталған. Химия, биология, физика мен робот техникасы кабинеттері кәсіби зертханаға бергісіз. Әрбір оқушы өзін ғалым секілді сезіне алады. «Казинтерсервис» компаниясының өкілі Динара Әкімжанова, мұндай қондырғының мүмкіндігі мол, дейді.

Динара Әкімжанова, «Казинтерсервис» компаниясының жаттықтырушысы:

Мұнда сурет салуға болады, тәжірибелер жасауға да жарамды. Арнайы тетіктерінің мүмкіндігі зор.

«Туған жер» форумына қатысушылар «Менiң мектебiм» акциясының мемлекеттің дамуына қосар үлесінің сүбелі боларына сенімді.

Даурен Бейсембаев, кәсіпкер:

Шетте қалмай, өзімізде енгіземіз 53 млн 575 мың теңге, ойлаймын, ол өте жақсы іс. Алыс ауылдарда, барлық сыныптарда біздің балаларымыз жаңа техниканы көреді.

Екі сағатқа созылған «Туған жер» форумына шағын кәсіпорындар, техникалық қызмет көрсету орталықтары мен өзге де мекемелердің басшылары үлесін қосты. Бас-аяғы 2 миллиард теңгеден астам қаржы жиналды.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Білім саласында өзгеше бағдарлама болуы керек. Сондықтан Назарбаев зияткерлік мектебіне тағы да 3.8 млрд теңгеге тамаша балалар жабдықтарын алу жоспарланған, осыған кәсіпкерлер көмектессе, алғымыз шексіз болары еді.

Ұйымдастырушылар форумды қорытындылауға әлі ерте деп отыр. Өйткені «Менiң мектебiм» акциясына арнап аймақтық «Парыз» қайырымдылық қорының есепшотына әлі де қаражат түсіп жатыр.

Еркін КАРИН