Негізгі / Жаңалықтар / Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жылына кемінде 3 отырыс өткізетін болады

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жылына кемінде 3 отырыс өткізетін болады

Мемлекеттік бағдарламалар сараптамасын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жүргізеді. Президент жанындағы жаңа консультативтік-кеңесші орган Қазақстанның қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділерін бір келіссөз үстел басына отырғызуды көздейді. Айта кетсек, мемлекет басшысы жаңа орган құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Ал кеше Ұлттық кеңестің құрамы мен міндеттері бекітілді. Бұл, мысалы Мемлекеттік бағдарламалар мен заң жобаларының қоғамдық сараптамасы. Кеңес мүшелері стратегиялық мәселелерді қоғам мен азаматтық қоғамның көзқарасын ескере отырып қарастыруы тиіс. Ал шешім көпшілік дауысымен қабылданады. Ұлттық Кеңестің отырысы жылына кемінде үш рет өткізілмек. Олар жалпы немесе арнайы бір тақырып шеңберінде өтеді. Айта кетсек, отырыстың алғашқысы тамыздың 20-на жоспарланған. 

Ә. Өмірзақ