Қарағандыда үйін 12 адамға саудалап, миллиондап пайда тапқан адам ұсталды. Ол тиімді бағамен пәтер сатамын деп жұртты сан соқтырған. Қаскөй бірнеше аптада 11 адамнан 12 млн теңгеден астам сома алып үлгерген. Полицияның мәліметінше, ол тұрғындарды қаладағы 45- інші орам аялдамасына шақырып, алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ал арзан мүлік алудан дәмеленген адамдар еш күмәнсіз 1- 2 млндарын ұстата салыпты. Ақшаны алған соң ол ізін суытып отырған. Тек 12- інші сатып алушы ғана сезіктеніп, дереу полицияға шағымданады. Бүгінде күдіктіге қатысты " Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Жанатай СЕМБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті. Тергеу барысында анықталғаны оның осындай оннан астам қылмысқа қатысы бар екендігі. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 190 бабымен жүргізілуде. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.
А.Қуаш