Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түрікменстан президентінің өлімі туралы ақпарат жалған болып шықты

AstanaTV
22.07.2019ж. 20:00
3037
Түрікменстан президентінің өлімі туралы ақпарат жалған болып шықты

Түрікменстан президентінің өлімі туралы ақпарат жалған болып шықты. Шындыққа жанаспайтын мәлімет таратқаны үшін ресейлік саясаттанушы Аслан Рубаев "Фэйсбукте" түрікмен жұртшылығынан кешірім сұрады. Естеріңізге сала кетсек, «Говорит Москва» радиостанциясына берген сұқбатында ол Түрікменстан басшысы Гурбанғұлы Бердімұхамедов демалыс кезінде көз жұмды деген болатын. Саясаткер арнайы қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасаған. Бірақ, нақты ешкімді атамады. 

Мен Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпараттың расталмағанына өте қуаныштымын. Президенттің туыстары, жақындары мен барша Түркіменстан халқынан кешірім сұраймын. Бұған дейінгі ақпарат жоққа шығарылды. 

Ә. Өмірзақ