Негізгі / Жаңалықтар / Астаналық үлескер бес жылдан бері салынып жатқан баспанаға 160 мың доллар қаржы құйған

Астаналық үлескер бес жылдан бері салынып жатқан баспанаға 160 мың доллар қаржы құйған

Астаналық үлескер- бес жылдан бері салынып жатқан баспанаға 160 мың доллар қаржы құйған. Содан бері талай жерге шағымданса да, пәтерлеріне қолдары жете алмай отыр. Нұр-сұлтан қаласының іргесіндегі «Тельман Парк» тұрғын-үй кешенінің құрылысы 2014-жылы басталған. Дина Дисупова - Ақтөбедегі үйін сатып, бүкіл қаражатты «Сұңқар-777» деген компаниясына құяды. Қазір 65 жастағы әйел баспанасыз қалғанын айтады. Ал сотқа жүгінген өзге 11 үлескер де - еш нәтиже, шығар емес дейді. 

Дина ДИСУПОВА, «ТЕЛЬМАН ПАРК» ТК САЛЫМШЫСЫ:

Мінекей 5 жыл уақыт өтіпті. Мұнда көшіп келгеніме 1 жыл болды. Бір жарым жыл бұрын менің жолдасым қайтыс болды. Үйді күтуменен ол кісі де шаршады. Денсаулығы... көп ауырмаған кісі. Өйткені бар тапқан таянғанымызды, барлығын салдық

Ал қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасы- «Тельман Парк» - 5 қабатты болған соң, "Үлестік қатысу туралы" заңмен қаралмайтынын айтты. Дегенмен ондағылар, өзінше септесіп жатқандарын алға тартты.{СНХ:} 

Дәулет ДОСҚҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН Қ. ҚАЛАЛЫҚ ОРТАНЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САПА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Мердігермен осы уақытқа дейін хабарласып, ақшасын құйып, сенім артқандарға ақшасын қайтарып беруді айттық. Бірақ екі ай болды хабарсыз кетті. Ақшасын құйғандар мен өзін шақырып, істің мән-жайын айтып беруін қалаймыз. Үлескерлер қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына беруі қажет. Себебі бұл - азаматтық заңнамамен реттелетін азаматтық-құқықтық қатынастар