$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Адвокаттардың ісін қарайтын комиссия жұмысына ашықтық жетіспейді - Ж.Өтебеков

AstanaTV
20.10.2017ж. 20:00
3224
Адвокаттардың ісін қарайтын комиссия жұмысына ашықтық жетіспейді - Ж.Өтебеков

Адвокаттардың ісін қарайтын комиссия жұмысында ашықтық жетіспейді. Белгілі адвокат Жохар Өтебеков осындай пікірде. Сондықтан Тәртіптік кеңес отырысына алқа мүшелерінен басқа да адамдар қатысу керек деп есептейді. Адвокаттардың қызметі жөніндегі заң биыл Парламентке түсуі керек. Бірақ бұл жобаға қорғаушылар қарсы. "Тәуелсіздігіміз шектеледі" деп есептейді. Жобада адвокаттарға қарсы шағымды қарайтын тәртіптік кеңес құру туралы жазылған. 

Жохар Өтебеков, адвокат:

Қазір коллегияның адвокаттарға қатысты арыз-шағым қабылдауы жабық түрде жүреді. Ашықтық жетпіспейді. Ортақ мәмлеге келу  үшін, тәртіптік комиссияның  отырысын ашық өткізу керек. Әділет министрлігі өкілдері, журналист, үкіметтк емес ұйым өкілдерін қатысуға шақыруға қарсы емеспін. Бірақ Әділет министрлігі өкілдері дауыс беру құқығына ғана ие болуы керек.

Заң жобасында адвокаттар коллегиясына кіру үшін төленетін жарнананы алып тастау қаралған. Ол бүгінде 800 мың теңге. Осы жарна болмаса, коллегия құрамы жасарып, бәскелестік артады, - дейді Өтебеков.