Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

3 жасар қыздың өліміне қатысты ер адам қамауға алынды

AstanaTV
24.07.2019ж. 20:00
2229
3 жасар қыздың өліміне қатысты ер адам қамауға алынды

Шымкентте үш жасар қыздың өліміне қатысты ер адам қамауға алынды. Бүлдіршінді көршісі жазатайым өлтіріп алған көрінеді. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік желіде хабарлады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Қала басшысы марқұмның туған-тустарымен кездескеннен кейін желіде былай деп жазды. 

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Осыдан 3 күн бұрын қаламызда қайғылы оқиға орын алды. Аулада ойнап жүріп, 3 жасар Кәусар әкесінің артынан барамын деп өздерінің көршісімен бірге әкесі отырған жаққа жүреді. Кішкентай Кәусарды жетектеген көршісі қоршауды секіріп өтпекші болған кезде оны қолынан түсіріп алды. Талып қалған сәбиді көріп, көршісі қорқып, оны сол жерде қалдырып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, демалыс күндері Шымкенттегі аудандардың бірінен 3 жасар қыздың мәйіті табылған болатын. Сараптама баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын көрсетті. Онда сәби қоршаудан құлап, өз құсығына тұншығып қалған делінген. Алайда баланың туғандары оған зорлық жасалған деп, медициналық сараптамаға күмән келтірген болатын. 

Н. Біләл