Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Келер жылдан бастап жалақының 15 пайызы қорға аударылады

AstanaTV
25.07.2019ж. 20:00
4630
Келер жылдан бастап жалақының 15 пайызы қорға аударылады

Келесі жылдан бастап, әр жұмыс беруші қол астындағы қызметкер жалақысынан қосымша тағы 5 пайыз, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы тиіс. Осылайша, жалақының 15 пайызы қорға аударылады. Сарапшылар, шетінен, бұл жаңалық көлеңкелі экономиканың белең алуына соқтырады, дейді. Ал кәсіпкерлер өзгеріс бизнеске кесірін тигізеді деп санайды. Біраз уақыттан бері айтылған бастама жайлы енді ғана естіп, таңқалып жатқандар да бар. Нұрсұлтан Біләл жалғастырады. 

5 жылдан бері бизнесін дөңгелетіп отырған Замир Болысбек бас қалада балабақша ашып, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Күні кеше жаңа заңға сәйкес қызметкердің жалақысының 5 пайызын зейнетақы қорына өз қалтасынан аударып отыру керек деген жаңалықты естігенде есеңгіреп қалған. Өйткені оның ай сайынғы шығындары тағы 5 пайызға ұлғаяды. Енді ол айына қосымша 100 мың теңге зейнетақы қорына ауадырып отыруы керек. 

Замир БОЛЫСБЕК, КӘСІПКЕР: 

Бұл өзгерістер шағын және орта бизнес үшін кері әсерін беруі мүмкін. Өйткені қазірдің өзінде біз бірқатар міндетті төлемдерді жасап отырмыз. Әрине, бұл көлеңкелі экономиканы дамытуға себеп болары анық. Өйткені, жұмысшы қолына толық жалақысын алғысы келеді. Шынымды айтсам, біздің орташа жалақы көлемі де мардымсыз ғой. 

Кәсіпкердің айтуы бойынша жұмысшылар жалақының 10-15 мыңға көп болуы үшін тіпті еңбек келісімшартынан да бас тартуға дайын екен. Қолма-қол айлық алғысы келетіндер саны, міндетті төлемдер мен салық өскен соң күрт артқан көрінеді. 

Замир БОЛЫСБЕК, КӘСІПКЕР:

Қызметкерлер маған келіп қолма-қол, ешбір құжатқа қол қоймай, былайша айтқанда салық, зейнетақы жарнасын жалақыға қосып алғылары келеді. Өкінішке орай мен мұндай заң бұзушылыққа бара алмаймын. Бірақ ол адамдардың жағдайын түсінемін. Қарапайым жұмысшыға сол 15-20 мың теңге маңызды. Ал жеке бизнес секторы үшін әрбір міндетті төлем аяққа салынған тұсау іспеттес. 

Ал еңбек қатынастары бойынша сарапшылар шет елге еліктеудің арты көптеген заңбұзушылықтарға әкелетінін айтады. Қазірдің өзінде соттағы әрбір 3-ші еңбек дауына қатысты іс келісім-шарттың болмауымен байланысты екен. 

Бибігүл НҰРАШЕВА, ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Мұның барлығы менің ойымша бизнеске үлкен зияның тигізеді. Оның салдарынан жай қарапайым жұмыскерлер де зардап шегуі мүмкін. Себебі бұл жерде жұмыс беруші жалпы еңбек шартын жасамауы мүмкін. Жұмысқа қабылдаса да еңбек шартын жасамай себебі, бұл теневой экономика деп айтамыз ғой. Оның дамуына әкеп соғуы мүмкін. Жұмыскерлерді жұмысқа қабылдайды бірақ еңбек шартын жасамайды. Немесе еңбек шартын жасайды бірақ еңбек шартында жалақының көлемін аз көрсетіп қалғаның конвертпен беруі мүмкін. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша жұмыс берушілерден келіп түскен зейнетақы жарналары жеке тұлғалардың меншігі болып саналмайды және мұраға қалдырылмайды. Бұл қаражат зейнетақы Қорының активінде болады және зейнеткерлер арасында қайта бөлінеді.

Виктория ШЕГАЙ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Енді жұмыс берушіге ақшаны өз қаражатынан төлеуге тура келеді. Осылайша, министрлік бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайын шамамен 35 миллиард теңге түседі деп болжап отыр. 

Министрліктің ақпараты бойынша Қазақстанда 2,2 миллион зейнеткер бар. 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері 85 697 теңгені құрап отыр, оның ішінде базалық зейнетақы - 26 978 теңге, ортақ зейнетақы - 58 719 теңге. {ЗКТ:} Жауаптыларлдың айтуы бойынша бұл сандар бірнеше есеге өседі. Бірақ болжам әдеттегідей нақты емес. Өйткені ол инвестициялық табысқа да тәуелді. 

Н. Біләл