Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

АҚШ-та өлім жазасы қайта күшіне енді

AstanaTV
26.07.2019ж. 20:00
2480
АҚШ-та өлім жазасы қайта күшіне енді

Ал АҚШ-та өлім жазасы қайта күшіне енді. Әділет министрі Уильям Барр бұған дейін балаларды зорлаған бес адамның үкімі биыл желтоқсан айында күшіне енетінін хабарлады. Death Penalty Information Center ұйымының мәліметінше, қазір АҚШ-та өлім жазасына кесілген екі жарым мыңға жуық адам қамауда отыр. Ал федералды деңгейде 62 адам бар. Олардың бірі 2013-жылы Бостон марафоны кезінде жасалған терактіге айыпты деп танылып, өлім жазасына кесілген Джохар Царнаев. Еске сала кетсек, АҚШ-та 2003-жылдан бері федералды деңгейде өлім жазасына мараторий жарияланған болатын. 

Ә. Өмірзақ