Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мемлекеттік органдарға шетелден жиһаз сатып алуға тиым салынады

AstanaTV
01.08.2019ж. 20:00
3269
Мемлекеттік органдарға шетелден жиһаз сатып алуға тиым салынады

Мемлекеттік органдарға шет елден керек-жарақ пен жиһаз сатып алуға тиым салатын Үкімет қаулысы бір айдан соң күшіне енуі мүмкін. Құжат күні кеше қоғамдық талқылауға шығарылды. Осылайша киім тігу, жиһаз құрастыру және құрылыс сияқты үш салаға серпін беру көзделеді. Мемлекеттік органдар жылына осы үш саладан 25 млрд теңгеге тауар сатып алады. Бұл туралы жауапты министрлік өкілдері мәлімдеді.

Бақытжан САПИЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қаулы жобасына енген тауар тізіміне тоқталсақ, олар: киім-кешек яғни арнайы жұмысқа киетін киімдер, төсек-орын жабдықтары, асхана жарақтары, аяқ киім, кеңсеге қажетті ағаш және метал жиһаздар. Ал құрылыстан портландцемент бар.

Қазақстан цементпен ішкі сұранысты қамтуға толық қауқарлы. Жеңіл өнеркәсіппен айналысатын яғни тігін тігетін кәсіпорындар бүгінде небәрі 40 пайыз қуатпен жұмыс істейді. Олардың өндіріс қуатын 100 пайызға арттырсақ, ішкі сұранысты қамтуға болады дейді, министрлік өкілі. Ал жиһаз бойынша ірі компаниялар әлі де қажет. Сандарға жүгінсек. {+ГРАФИКА} Бүгінде жеңіл өнеркәсіпте 1016 кәсіпорын жұмыс істейді. Барлығы 13 мың адам жұмысқа тартылған. Жиһаз құрастыратын 843 кәсіпорын. Оның 10 шақтысы ғана ірі. Қалғаны шағын команиялар. Салаға 1500 адам жұмылған. Елде 13 цемент зауыты бар. Онда 5600 адам адам жұмыс істейді. Жиһаз өндірісінде бізге Беларусь, Ресей мен Қытай басты бәскелесе. Киім-кешек, текстильде Қытай мен Түркия. Ал цемент көбіне Ираннан импортталады. 

Бақытжан САПИЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ, КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Қазір слушания болады. Ел талқылау керек. Қазір бұған қарсы да боады. Импортерлар қарсы. Олар бәрі госзаказға лезут. КТЖ мысалы госзаказ төсек орын, ауруханалар, балақшалар, простыня. Это наше текстильное промышленность. 

М. Дюсекина