Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Гарвард ең бай түлектері бар университеттер көшін бастады

AstanaTV
02.08.2019ж. 20:00
2154
Гарвард ең бай түлектері бар университеттер көшін бастады

Гарвард ең бай түлектері бар университеттер көшін бастады. Осылайша ол Стэнфордты екі жарым есеге басып озды. Wealth-X халықаралық ұйымының мәліметінше аталған оқу орнын бітірген миллионерлер саны - 13 мың 650. Әрқайсының байлығы - 30 млн доллардан асып жығылады. Бәрінің ақшасын қосқанда 4, 769 трлн долларға жетеді. Рейтингтің екінші орнында Стэнфорд, үшінші орында Пенсильвания университеті тұр. Бұлар АҚШ-тың да, әлемнің рейтингін де үштікті бастап келеді. Топ жиырмалыққа АҚШ-тан тыс орналасқан үш университет қана кірген. Олар - Кэмбридж, Оксфорд және Францияның INSEAD бизнес мектебі. 

А. Сейфулла