$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Теңге тағы да құнсызданды

AstanaTV
07.08.2019ж. 20:00
2826
Теңге тағы да құнсызданды

Доллар бағасы тағы өсті. Бүгін ақша айырбастау пунктерінде АҚШ валютасы 390 теңгеден сатылып жатыр. Күні кеше 1 доллар 388 теңгеден саудаланған еді. Экономистердің пікірінше, теңгенің әлсіреуіне мұнай бағасы мен Ресей рублінің құлдырауы түрткі болған. Сонымен қатар, Қытай юанының құбылуы да себеп болып отыр.

Меруерт МАХМҰТОВА, ЭКОНОМИСТ: 

Мұнайдың бағасы төмендеп жатса ол біздің ұлттық валютамызды құнсыздануына әрі қарай жол аша береді. АҚШ пен Қытайдың арасындағы сауда соғысы валюталық соғысқа айналайын деп отыр. Себебі, осы жұмада Қытай өзінің ұлттық валютасын юань құнсыздандырды.

Ә. Лесбек