Қазақстанда оқулықтардың қымбаттауына полиграфия жабдықтарының түгелдей Ресейден импотталатыны себеп. Елде кітап шығаруға қажетті бірде бір жабдық шығарылмайды. Бұл туралы, оқулық сапасы жөнінде өткен жиында министрге баспагерлер мәлім етті.
Есенғали РАУШАНОВ, «ЖАЗУШЫ» БАСПАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Полиграфиялық машиналардың жабдықтары, бояулары, міне осылардың барығы өкінішке орай бүгінгі таңда қазақстанда оны шығаратын мекемелер жоқ. Көбіне көп Ресейден әкелеміз. Ал Ресейдегі экономикалық ахуал аса жақсы емес. Осының барлығы түптеп келгенде қазақ оқулықтарының бағасының, өізндік құнының өсуіне үлкен әсерін тигізеді.
Ал білім министрі оқулықтарда өріп жүрген қателерге шүйлікті. Өкінішке қарай, бүгінде түрлі қате табылған кітаптардың 40 пайызы аймақтағы мектептерге жеткізіліп қойған.
Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ :
И наши дети вынуждены учиться по таким учебникам. Каждый год одно и те же, каждый год одно и те же, каждый год на одни и те же грабли наступаем. Когда это закончится?!
Ә. Өмірзақ