Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Бір келі де ет алмаймын. Зейнетақым түгел дәріге кетеді». Тегін таратылатын дәрі-дәрмек тапшы.

AstanaTV
21.10.2017ж. 20:00
3559
«Бір келі де ет алмаймын. Зейнетақым түгел дәріге кетеді». Тегін таратылатын дәрі-дәрмек тапшы.

Аймақтарда дәрі-дәрмек, атап айтқанда жеңілдікпен берілетін препараттар тапшылығы туды. Барлығына жетпей жатыр. Тегін дәріге қолы жетпегендер, амалсыз өз қаржысына алуға мәжбүр. Дәріхана маңында сауал қойған алматылық зейнеткер біздің тілшілерімізге былай депті - бір келі де ет алмаймын, білесіз бе, өмір сүру мүмкін емес, бұл адамдарды қорлау... Осыған «қабыстыратын» ақпарат - жақында елді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін «СК-Фармация» компаниясының басшысы Максим Касаткин ұсталды. Ал ол жылдың басында ғана дәрі-дәрмек нарығында «тәртіп орнату» үшін тағайындалған еді. «Біздің мақсатымыз – бәрін барынша мөлдір және кіршіксіз істеу» - бұл, Касаткиннің біздің арнаға арнайы берген интервьюінде айтқаны...Қаржы полициясындағылар Касаткинді дәрі тасымалдауды созып, препараттарды қымбатырақ бағаға сатып алатын фармацевтикалық компаниялардың мүддесін қорғаған деп отыр. Коррупция деген ешнәрсе істей алмайтын «табиғи апат» болды ғой... 

Долго не было, за свои деньги покупали, а куда деваться, помирать что ли?!

«Керек дәріні сатып алмағанда қайтеміз енді, өле қаламыз ба?» деп налып тұрған петропавлдық әжей. 50 мыңға жетпейтін зейнетақысынан жырып дәрі алады, себебі тегін берілуі тиіс препаратқа қолы айлап жетпейді.

Ал, «Аман-Саулық» деп аталатын қоғамдық қордың кеңесші дәрігері Гаухар Ткаченко минут сайын түсетін қоңыраулардың барлығына жауап беруге тырысады. Тұтқаның ар жағындағы адамның сұрайтыны бір ақ нәрсе-«тегін дәрі бар ма?»

Гаухар Ткаченко, «Аман-Саулық» қоғамдық қорының дәрігер кеңесшісі:

Әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруы мен қант диабетіне,демікпеге шалдыққандар жиі хабарласады. «тегін дәріні жалынып, жалбарынып, немесе жұдырықпен үстелді түйіп жүріп әзер аламын. Неге?» деп налиды барлығы

Жоламан Темірғалиев, зейнеткер:

Дәрі жазып берді бесплатныйғ бір екеуін алдық, біреуі әлі жоқ қашан беретінін.15 мыңға дәрі алуым керек, укол алу керек, 5 мыңым бар қазір, 15 мыңға жетпей тұр...

Емханаларға сабылып, керекті дәрісін ала алмай шаршаған жұрт ақырында Жоламан қария секілді дәріханаға жүгіреді. Қалтасы қағылса да,препаратты сатып алады. Енді қайтсін, дәріні бірер күн, тіпті бірер сағат ішпесе кей науқастарға оның құны бұдан да қымбатқа түсуі мүмкін 

Қайырғали Қонаев, невропатолог- дәрігер:

Бір ғана мысал, аяқ астынан қандағы қант мөлшері артып кетсе, ол диабеттің асқынуына алып келеді. Бұған жол беру өте қауіпті,салдары ауыр болуы, емнің зая кетуі ықтимал.

Біз тілдескен бірнеше өңірдегі денсаулық сақтау басқармаларының басшылары бір ғана уәж айтады: «Жеткізуде іркіліс бар». Препараттарды жеткізіп, таратушы бірыңғай дистрибьютор «СК - Фармация». Сатып алулар өткізуге бірнеше ай кетеді. Дәрі аймақтарға жөнелтілгенше тағы уақыт өтеді. Ал бұлай ырғалып-жырғалуды өмірінің әрбір минуты дәріге байланған жан күте ала ма?

Бұл еліміздегі ең белгілі фармкомпания - Шымкенттегі «Химфарм» зауыты. Жылына 200 ден астам дәрінің түрін шығарады. Былтыр өндірілген 16 миллиард теңгенің препаратының басым бөлігі елді тегін дәрімен қамту бағытына бөлініпті. Жалпы Қазақстанда 300 ден астам дәрі шығаратын кәсіпорын бар. Олардың тек бірнешеуі ғана ірі зауыттар, өзгесі шағын. Фармация саласының білгірі Баян Сағындықова фарм өндірісінің ақсауында себеп көп дейді. Бірақ ең сорақысы, сырттан ағылған қисапсыз дәрінің артында ұлттың қауіпсіздгі тұрғанын айтады

Баян Сағындықова, фармация ғылымдарының докторы, профессор:

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін сақтау үшін өндірілетін отандық дәрілер көлемі 20 проценттен кем болмау керек. Бізде олай емес, ал бұл ұлттық қауіпсіздігімізге қауіпті деген сөз. Маман дайындау, тиісті стандарттарға өту проблемасы шешіліп, химиялық фармацевтикалық өндіріс үшін субстанциялар жасалса, біз фарм салада белгілі бір жетістіктерге жетер едік.

Химфарм сияқты зауыттарды Қазақстанда көбейтуге болмай ма? Жалпы, отандық дәрі өндірісі неге дамымайды бізде?  Импортқа неге тәуелдіміз? Бұл сұрақтар барлығын толғандырады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Фармфабрикалар саламыз деп жүрген бизнесмендер келеді ... жібермейді,  айтады жер бермейміз сендерге заказ бермейміз сатып алмаймыз дәрілеріңді себебі ана жақтан ана жақтан Америкадан Австралиядан контракт жасап қойдық..  вот за каждым контрактом сидит человек  «Х», который имеет что-то от этого. Не хочет развивать отечественную фармацевтическую отрасль.+ Выгони всех, кто в "СК-Фармация" сидит сейчас. Выгони. И поставь новых людей и обеспечь разбирательство, куда деньги деваются.

Дәрі - дәрмек нарығындағы былықтан хабардар Мемлекет Басшысы мұны ақпанда айтқан. «Фармсаласының дамуын қаламайтындарды шетінен қу» деп министрге тапсырған. Іле шала "СК Фармацияның" басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев отставкаға кеткен.Оның орнына келген Максим Касаткин «барлығын қатырамыз» деп уәде еткен.

-Наша задача – сделать все максимально прозрачно и безупречно.

Бірақ ештеме де ашық, мөлдір болған жоқ. Керісінше, бұлыңғырлана түсті. Сол бұлыңғырлықтың соңы Касаткиннің тұтқындалуына ұласты. Жемқорлықпен күрес қызметі оны екі миллиард теңгені жымқырды деп айыптады. Тиесілі дәрісін ала алмай шырылдаған зейнеткерлер мен осы бір қылмыстық істің арасында байланыс жоқ деу миға тіпті қонымсыз болар. Бірақ министрлік өкілдері олай ойламайтын сияқты.

Людмила Бюрабекова, ҚР ДСМ фармация комитетінің төрайымы:

Комитеттің кей қызметкерлері мен «СК фармация» басшысының жемқорлықпен ұсталуы бағаны реттеу бойынша жұмыстарға зиянын тигізген жоқ. Бұл елбасының ақпан айында берген тапсырмасы болатын. Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр. 

Сандарды сөйлетсек, бәрі «қанттай». Министрлік мәліметінше 2018 жылы тегін дәрімен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржы 38 процентке артып,106 млрд. 429 млн. 019 мың 926 теңгеге жетеді. Яғни мемлекет осынша ақшаға дәрі сатып алып,оны диспансерлік есепте тұрған 2 миллион адамға таратады.Ал препараттар тізімі кеңейтілген. 48 түрлі ауруға шалдыққандар дәрі-дәрмектің 274 түрімен қамтылмақ.Тізімде ел арасында кең таралған гипертония, демікпе, қант диабеті, туберкулез, қатерлі ісік аурулары бар.

Бұл миллиардтардың шарапатын алматылық Валентина Григорьева көре қойған жоқ бірақ. Оның өз қайғысы өзінде. Тегін дәріге қолы жетпеген соң ас- судан қағылып жүр. 17 мың теңге зейнетақысын тамаққа емес, дәріге жұмсайды, өйткені препарат қабылдауды үзуге болмайды...

Валентина Григорьева, зейнеткер:

Ни один килограмм мяса в месяц я не покупаю. Я обхожусь сосисками, собачьей радостью – колбасой. Это просто знаете, невозможно жить. Я не знаю, это глумление над людьми.

Жоғарыдағы үлкен-үлкен цифрлар мен Валентина әжейдің басындағы ахуал... Ауызға парадокс дегеннен өзге сөз түсер емес. 

Базаркүл Отыншиева, тілші:

Бізде дағдарыс көп. Құлаққа әбден сіңіп қалған қаржы дағдарысы, жанармай дағдарысы.. солардың қатарында «дәрі дәрмек дағдарысы» деген де ұғым бар. «Басы ауырып, балтыры сыздамайтындар»  бұл дағдарысты аса сезінбейтін шығар, есесіне, сырқаты жанына батқандар өте жақсы сезінеді. Осы материалды дайындау барысында  бір мәліметке тап болдым. Ағзасын ауыстырғандар жайлы естіп те, көріп те жүрміз.Сол бауыр мен бүйрек трансплантациясын жасатқандардың көбісі бәлен мың доллар тұратын күрделі отадан емес, ағзаны қалыпты ұстап тұру үшін өмірінің соңына дейін үзбей ішетін, мемлекет тегін беруі тиіс дәрісінің болмай қалуынан көз жұмады екен....Қандай өкінішті десеңізші...