Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жәйремдегі қақтығыстан 10 адам жараланған

AstanaTV
14.08.2019ж. 20:00
2425
Жәйремдегі қақтығыстан 10 адам жараланған

Жәйремдегі қақтығыста 10 адам зардап шеккен. «Казцинк» компаниясының Қоғаммен байланыс басқармасы осындай хабар таратты. Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ешкім ауруханаға жатқызылмаған. 

Гуля БАГАУДИНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәлірек айтсақ, кейбірінің жұмсақ тіндеріне зақым келсе, енді біреулерінің терісі сыдырылып кеткен. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілген соң, емханалық емдеуге жіберілді.

Жәйрем кен-байыту комбинатының басшылығы болған оқиға үшін өкініш білдірді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып жатқан көрінеді. Оның құрамына мемлекеттік органдар, еңбек ұжымы мен қоғам өкілдері тартылмақ. Комбинаттың атқарушы директоры Әбілхан Әкімов «бұдан былай мұндай тәртіп бұзушылыққа жол берілмейді» деп отыр. 

Әбілхан ӘКІМОВ, «ЖӘЙРЕМ КЕН-БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ» АҚ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:  

Барлық мердігер мен көмекші мердігерлер заңнама талаптарын, біздің ұйымның нормативтік актілерін сақтауға міндетті. Біздің қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау және еңбек ұйымдастыру саласындағы қағидаларымыздың оларға да тікелей қатысы бар. Орын алған жанжалға байланысты біз бірлескен комиссия құрамыз, оған мемлекеттік органдар, жұртшылық, еңбек ұжымы мен Жәйрем КБК-ның өз өкілдері кіреді. Біз әлдебір заңбұзушылыққа жол бермейміз. Оның әдеп нормаларына да қатысы бар.

"Қазцинк" мәліметінше комбинаттағы құрылысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркиядан 1 жарым мыңға жуық адам тартылған. Онда 2 мердігер және 23 көмекші мердігерлік ұйым жұмыс істеп жатқан көрінеді.

Д. Қайыртай