Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

9 полицей жұмыстан қуылды

AstanaTV
23.08.2019ж. 20:00
1873
9 полицей жұмыстан қуылды

Жерлеу ісімен айналысатын бизнеспен заңсыз байланыс орнатқан 9 полицей жұмыстан қуылды. Олар жекеменшік компанияға қаза тапқан азаматтардың жеке мәліметтерін жіберіп отырған. Жемқорлыққа қарсы агенттігінің ақпараты бойынша заңсыз қадамға барғандар Нұр-Сұлтандағы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарындағы кезекші бөлімнің қызметкерлері. Олардың басым бөлігі майор погонын таққандар. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде бірқатар басшы тәртіптік жауапқа тартылып, қатаң ескерту алған.

Анар ЖАРОВА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

Жерлеу рәсімін жүргізетін компаниялар адам қайтыс болған үйге барып, олардың жағдайына қарамастан өз қызметтерін ұсынады. Оларға ақпарат қайдан жетті деген қисынды сұрақ туындайды. Жемқорлыққа қарсы қызмет полиция қызметкерлерінің жерлеу компанияларынан сыйақы алып, деректер базасымен бөліскенін анықтады. 

Сондай-ақ, енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандар қызметкерлерді жасанды интеллект көмегімен тексермекші. Яғни мимика, жүрек соғу динамикасы және басқа психофизиологиялық параметрлер арқылы жауаптардың дұрыстығын тексереді. Осылайша алкоголь, есірткі, парақорлық, құмар ойыны мен құпия ақпаратты жария етуге тексерілмек.

Н. Біләл