Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанадағы Б.Момышұлы көшесіне арық салу биыл басталады

AstanaTV
23.08.2019ж. 20:00
2318
Астанадағы Б.Момышұлы көшесіне арық салу биыл басталады

Елордаданың іргесіндегі елді-мекендердің мәселелерін шешуге биыл 90 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен қоғамдық тыңдалымда белгілі болды. Қала әкімі проблемасы бастан асқан қала шетінде тұратын тұрғындармен кездесті. Төбесінен су аққан пәтерге біздің тілшілер барып қайтты. 

- Подбиваем как можем, от сырости все отсыпается, потому что гвозди не держут. 

Людмила Терлецких - 35 жылдан бері қала шетіндегі «Кирипчный» ауданында тұрады. Тұрғын үйге бірде бір жөндеу жүргізілмеген. Апатты ғимараттан тұрғындардың көбі көшірілген. Қалғаны жеті жыл бойы басқа пәтерге ауыстырамыз деген уәдені күтіп жүр. 

Людмила ТЕРЛЕЦКИХ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тұрғын үйде 12 пәтер бар. Қазір 5 ақ отбасы қалдық. Үй суық, шатырдан су ағады. Қабырғалары сарғайып кеткен. Балаларда аллергия басталды. 

Людмила Терлецкихқа әкімдік «Мастер 2» ауданынан бір бөлмелі пәтер ұсынған. Бірақ өзі екі бөлмелі ескі үйіне айырбасығы келмепті. Тұрғын үй массивінің бұл жалғыз проблемасы емес. Ауыз суды бірнеше шақырымнан тасып ішеді. Жаңбыр жауса батпаққа батса, мұнда тіпті канализация да жоқ. 

Қарлығаш НАБИУЛЛИНА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әкімдер ауысады, бірақ проблема қалады. Тіпті көбейеді. Бүгін көрдік. Бүгін қоғамдық тыңдауда депутаттар өздерін жұмыс істеп жатқандай көрсеткісі келді. Біздің округтің депутаты мінберден сөйлеген де жоқ.

Қалалық қоғамдық тыңдауда әкім Алтай Көлгінов бар проблема ретімен жоспар бойынша шешіледі деді. Биыл мегаполистердің іргесіндегі елді-мекендерге 90 млрд теңге бөлінген. 

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Әлі де барамыз сіздерге. Біз бір рет барып қоя қоймаймыз. Бір барған жерге қалай жасалып жатыр, күнде барып тексереміз. Таңғы 7-ден жүрміз. 

Ал өзі айтқандай, жаңбыр кезінде қайықпен жүзіп өтетін Момышұлы көшесіне арықтарды салуды биыл бастамақшы. Бұл көшедегі су жиналу мәселесін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та сынап, Венецияға теңеген еді.

А. Сейфулла