Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қазақстан қор биржасы криптовалютамен сауда-саттық жасауға мүдделі

AstanaTV
19.10.2017ж. 20:00
2653
Қазақстан қор биржасы криптовалютамен сауда-саттық жасауға мүдделі

Қазақстан қор биржасы криптовалютамен сауда-саттық жасауға мүдделі, алайда қаржы нарығында түрлі кедергілер бар дейді. Ең біріншіден, цифрлық ақшамен есеп айырысуды реттейтін заң жоқ. Бұл туралы Алматыда КАSЕ қор биржасының басқарма төрайымы айтты. Оның сөзінше, ұлттық компаниялардың облигацияларын сату кезінде криптовалютаны қолдануға болады. Бірақ тиісті заңдарға өзгеріс енгізілмесе, тәуекелге бару қауіпі бар, дейді қаржыгер.

Әлемнің көптеген елдерінде электронды ақшаны пайдалануға мүмкіндік беретін заңдар жетілдіріліп жатыр. Көрші Ресей де криптовалютаны қор нарығына енгізу үшін белсенді қадамдар жасауда. Айта кетейік, Қазақстан биткойн, эфириум сияқты заманауи валюта түрлерін арнайы бонкоматтардан айырбастап алуға болады. Операция кезінде 10 пайыз комиссия ұсталады.

Алина Алдамберген, «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрайымы:

Криптоволютаны пайдалану тетіктері заңмен бекітілмеген. Десе де бұл қаржылық операцияларды қор нарығында жүргізе алатын инвесторлар баршылық. Жақында «Freedom finance» компаниясы бізге облигацияларды сандық валютамен бағалауға ұсыныс жасады.