Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Түркістан облысының тұрғыны 3 жасар қызын зорлап өлтіргені үшін өмір бойына түрмеде отырады

AstanaTV
27.08.2019ж. 20:00
3952
Түркістан облысының тұрғыны 3 жасар қызын зорлап өлтіргені үшін өмір бойына түрмеде отырады

Түркістан облысында 3 жасар қызын зорлап, кейін пышақтап өлтірді деп айыпталған әке өмір бойына сотталды. Осылайша 47 жастағы азаматқа ең ауыр жаза тағайындалып отыр. Бірақ әке қызын өлтіргенін мойындағанымен, зорлағанын жоққа шығарды. Сот отырысына қатысқан Айзада Төребекқызы айтады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Сұмдық жағдай былтыр қазан айында болған. Ордабасы ауданының тұрғыны 3 жасар қызын зорлап, соңынан бірнеше жерінен пышақтап өлтірген.

Сотталғанның адвокаты қорғауындағы ауыр қылмыс кезінде үйде әкесі мен қызы ғана болғанын айтты. Ол өз қызын өлтіргенін мойындапты да. Бәріне әзәзіл арақ себепші көрінеді.  

Махмұт ТҰРҒАНБАЕВ, СОТТАЛУШЫНЫҢ АДВОКАТЫ:  

Арақтың салдарынан қызы көзіне жаман көзі ілесіп шайтан ретінде көрініп, сөйтіп пышақты алып өзі өзін білмей пышақтай берген деп сөйтіп мойындаған. Ал бірақ жоғарыда айтылғандай жыныстық қатынасты және қызына зорлық-зомбылық жасамағанын оны мойындамай отыр.

Үкімге сотталғанның тарапынан ешкім келмеді. Бұған дейінгі үш отырыста әйелі мен ет жақындары қатысқан. Қорғаушының сөзінше туыстарының ешбірі өз қызына айуандық жасаған әкені кешірмепті. Алайда сотталушының өзі шығарылған үкіммен келіспей тұр.  Үкімге келіспеймін. Ондай тірлік болған жоқ. Менде шарик бар аспабымда. Ол неғып жыртылмайды, мысалы. Ал менен сперма ештеңе алған жоқ. Больница мені тексерген жоқ ешқандай, ешқандай қан алған жоқ, мен қалай келісуім керек?! 

Дәурен МАДАЛИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

3,5 жасар қыз, дене жарақаттарына қарай, жалпы 38 рет жарақаттаған және өлтірер алдында осындай әрекеттер жасаған. Соның бәрін таразыға салып, сот аталған тұлғаның бас бостандығынан өмір бойы айыру жазасын тағайындауды жөн деп тапты.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Үкім әлі күшіне енген жоқ. Сотталушы аппеляциялық шағым түсіретінін айтты. Ол тіпті тіпті мәйітті қазып алуды сұрап, Бас прокуратураға арыз да жазыпты. 

А. Төребекқызы