Жақында Каспий теңізінде круиздік лайнерлер пайда болады. Осылайша алып кемелермен 5 елге саяхаттауға мүмкіндік туады. Бұл туралы Ақтауда өткен халықаралық туризм форумында айтылды. Осылайша қазақстандықтар үшін круиздік демалыс қолжетімді болмақ. Каспий теңізі аумағындағы туризмді дамыту мүмкіндіктері жайында Нұрсұлтан Біләл тарқатады.
Каспий теңізін бөлісіп, оның құқықтық мәртебесін айқындау келіссөзі 25 жылға созылды. Былтыр ғана 5 мемлекет мәмлеге келіп, құжатқа қол қойылды. Осылайша Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көлдің туристік әлеуетіне жол ашылды. Бүгін Ақтауда халықаралық туристік форум мен Каспий жағалауы елдерінің 5 жақты кеңесі өтті. Күн тәртібіндегі басты тақырып -туризмді дамыту.
Мирас ТҮЛЕБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫНЫҢ м.а.:
Каспий теңізіндегі круиздік туризмді дамыту. Содан кейін жалпы бірлескен тур маршруттарды дамыту деген сияқты бірқатар мәселелер шығарылуда. Әр мемлекет өз тарапынан бірқатар ұсыныстар енгізіп отыр. Енді жалпы осы ұсыныстар қолдау тапса, Каспийдегі туризм одан әрі дамиды деп сенеміз.
Халықаралық форумда өткен 5 жақты консультацияға Ресей, Иран, Әзірбайжан және Түркменістан елінен келген делегаттар қатысты. Әр мемлекет өз туризімін дамытуға мүделлі. Алайда шетелден келген мамандар 13-ке жуық тарихи ескерткіш пен 362 киелі орыны бар Маңғыстау облысының әлеуеті жоғары болып отырғанын атап өтті.
Андрей БАТМАНОВ, РФ ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ:
Форумда айтылған ұсыныстарды жан-жақты қарастырып, бір шешімге келу өте маңызды. Өйткені бұл қадамға бару үшін мемлекеттер ширек ғасырға жуық уақыт келіссөздер жүргізді. Оның нәтижесін енді қарапайым халық сезінуі керек. Туризм саласын дамыту 5 мемлекет үшін де маңызды. Ал Маңғыстау облысындағы ғажап табиғат пен тарихи орындарды саяхаттаушыларға паш етуіміз керек деп ойлаймын. Негізі әр мемлекеттің туристік әлеуеті өте жоғары.
Былтыр облысқа 200 мыңдай саяхаттаушы барған. Оның тең жартысы шомылу маусымында көк теңізге түсіп, жағалауда демалған. Ал 7 жылдан кейін Маңғыстауға келетін туристер саны 750 мыңға жетпек.
Әлихан ҚЫРАУБАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Маңғыстау облысы ашық аспан астындағы мұражай. Біздің өлкеде мемлекет қорғауындағы 13-ке жуық тарихи ескерткіш пен 362 киелі жер бар. Былтыр бұрын-соңды болмаған ірі жобалар жүзеге асырылды. Теңіз жағасындағы жартастарды жағалай 1 жарым шақырым жерге жаяу жүргіншілер жолы салынды. Мұндағы үңгірлер абаттандырылды.
Форумда 5 ел өкілі Каспий теңізіндегі туризімді дамыту туралы арнайы хаттамаға қол қойды. Бірақ В2В форматындағы кездесулер әлі де жалғасады. ын табады.
Н. Біләл