$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордалық тұрғындар «Nur Otan» партиясының жұмысына өз пікірін білдірді

AstanaTV
29.08.2019ж. 20:00
1996
Елордалық тұрғындар «Nur Otan» партиясының жұмысына өз пікірін білдірді

Қазақстандықтар "Nur Otan" партиясының жаңғыруына қатысты ақпаратты құлшына қабылдады. Бұған дейін Елбасы саяси кеңес отырысында саяси ұйым өкілдері елдегі мәселелерді шешудің жолдарын ұсынуы керек деген еді. Бұл ретте тұрғындар сөзіне құлақ асуды да тапсырды. Біздің тілшілеріміз партиялықтардың жасап жатқан жұмысы жөнінде халық пікірін білді.

- «Нұр Отан» партиясы қазіргі уақытта ҚР азаматтарының әлауқатын көтеру мақсатында көптеген бағдарламаларды жүзеге асыруды қадағалап отыр. ӘсірЕсе, жастар мен көп балалы және өзге де азаматтардың әлауқатын көтеру үшін көп бағдарламаларды ұсынды.

- Жастарға көмек болғанын қалаймын. Жалпы елімізде болып жатқан жастарға көмегі өте зор. Әсіресе бизнес бастауға. Сонымен қатар елімізде жалпы дамимын деген адамға, өсемін деген адамға барлық жағдай жасалған. Әркім өзінің өмірінің қожасы бола алады.

- Қазір екі адамның бірінде несие бар. Несие пайызы төмендетілсе. Басқа шетелдермен салыстырғанда біздің елімізде төмендетілсе, біздің халқымыздың жағдайы жақсарар еді деп ойлаймын.