$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент Қ. Тоқаевтың Жолдауы

AstanaTV
02.09.2019ж. 20:00
3644
Президент Қ. Тоқаевтың Жолдауы

Елде азық-түлік пен киім-кешектен бастап түрлі қызметтерге дейін бағасы аспандап тұрғаны жасырын емес. Халыққа жариялаған жолдауында осылай деген Президент Үкіметке баға мен тарифтерді мықтап қадағалауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев әуе билеттерінің қымбаттығы, ал теміржол билеттерінің тапшылығына тоқталды. Данияр Қайыртай толықтырады. 

Мемлекет басшысы халыққа жолдау жариялайтынын, шамамен, бір айдай бұрын «Туиттерде» жазған. Есірткі тасымалы, педофилия, зорлық пен басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазаны қатаңдату туралы тапсырма берілетіні сол кезде-ақ белгілі болды. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлер мен адам саудасымен айналысатындарға да аяусыз Үкім шығару қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Браконьерство пустило глубокие корни, в том числе при попустительстве правоохранительных органов. Браконьеры безжалостно уничтожают природу, наше национальное богатство. Поручаю Правительству в течение двух месяцев принять безотлагательные меры по ужесточению соответствующего законодательства.

Құқық қорғау жүйесі толық реформаланбақ. Полиция - мемлекеттің күш құралы емес, керісінше халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органға айналады. 2020 жылдың соңына дейін Әкімшілік полиция комитеті қайта құрылуы керек. Осылайша ІІМ 3 жыл бойы кезең-кезеңмен жаңарту үшін 173 млрд тг бөлінеді деді Президент. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Эти средства пойдут на повышение заработной платы, аренду жилья, создание современных фронт-офисов полиции по принципу ЦОНов. Поручаю Правительству повысить оклады сотрудников гражданской защиты в рамках средств, выделяемых на реформу МВД, и направить на эти цели порядка 40 млрд. тенге. 

Мемлекет басшысы ұлттық компаниялар мен мемлекеттік холдингтердің жұмысына шүйлікті. Олардың санын қысқарту керек деп отыр. Мәселен, бақандай 7 компания тұрғын үй саясатына жұмыс істейтін көрінеді. Енді Үкімет пен Есеп комитеті 3 айдың ішінде олардың тиімділігін талдауы тиіс. Президент монополист-ұйымдар көрсететін қызметтердің құнын тыңғылықты тексеру жеке мәселе екенін айтты. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Почему авиабилеты основного авиаперевозчика по наиболее востребованным маршрутам гораздо дороже, порой до 30%, чем в Европе?! Чем обоснована сравнительно высокая стоимость услуг наших аэропортов? Почему стоимость авиатоплива для иностранных перевозчиков в казахстанских аэропортах выше, чем для отечественных? 

Міне, осыдан авиация халықаралық бәскелестікке төтеп бере алмай, транзиттік тасымал азайып барады деді. Дегенмен бұл мәселеге қатысты маман пікірі мынадай:  

Денис КРИВОШЕЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: 

Жанармай қымбаттаған жоқ. Ал әуежай көрсеткен қызметі үшін алатын бағаны мемлекет қатаң қадағалайды. Сондықтан билеттің қымбаттауы - ішкі рейстерге арналған лоукостердің ашылуымен байланысты. Оның қойған бағасы - нарық үшін төменгі деңгей саналады да, басқа тасымалдаушылар билетті одан едәуір жоғары саудалап отыр. Осылайша бәсекелі ортаға мемлекеттің өзі араласып, тарифті қолдан қымбаттатып берді.

Данияр ҚАЙЫРТАЙ, ТІЛШІ: 

Президент әуедегі жолаушылар тасымалына ғана емес, теміржолдағы билеттердің тапшылығына да тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев кассаларда билеттің болмауы - жауапты министрлік пен ведомствоның салғырттығынан деді.

Алда өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауы елде көппартиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік беруі тиіс. Ал әкім-қаралардың жұмысын халық бағалайтын болсын дейді. Қасым-Жомарт Тоқаев пікір алуандығы туралы айтқанда, халықтың бейбіт шеруге шығуға қақы барын айтты. Ол үшін әкімдіктер тіпті, арнайы орын бөлуі қажеттігін тапсырды. 

Досым СӘТПАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ: 

Митингтер өткізуге рұқсат беру туралы айтылғанымен, халықтың сол туралы Заңнаманы өзгертуге қатысты талабы ескерусіз қалды. Белсенділер митингті рұқсат алу арқылы емес, хабарлау тәртібі арқылы ұйымдастыруды сұрап отыр емес пе?!

Кәсіпкерлікті қолдау үшін жаңа жылдан бастап, түрлі тексерістерге үш жылға мораторий жарияланбақ. Сондай-ақ, «Бизнестің жол каратсы» аясында қосымша 250 млрд тг бөлінеді деді. Бұдан бөлек, баласы көп аналарды кәсіппен айналысуға тарту қажеттілігіне тоқталды. Ал зейнетақы қорындағы қаржыны үй алуға не білім алуға жұмсауға рұқсат беру қажеттігіне назар аударды. 

Д. Қайыртай