Нұр-Сұлтанда Түркістан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Оңтүстіктен солтүстікке 275 тонна өнім жеткізілген. Биыл осымен үшінші мәрте өткен шараға 40-қа жуық тауар өндіруші тартылыпты. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесін біздің тілшілерімізде аралап қайтты.
Жәрмеңкеге көкөніс пен жеміс-жидектен бөлек, ет, сүт, балық өнімдері де жеткізілген. Баға, мұнда базарға қарағанда 10-15 пайызға төмен, дейді шара ұйымдастырушылары. Бұл жолы елордаға жалпы соммасы 123 миллион теңгеден асатын, 275 тоннаға жуық тауар жеткізелген.
- Арзандау, жақсы. Сапасы, барлығы жақсы.
- Мен енді әжептеуір дүние алдым. Қызанақ та алдым, чеснок та алдым, тағы басқа дүниелерді алдым.
Жәрмеңкеге Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов те қатысты. Өнімдердің арзан саудалануын аймақ басшылары жіті қадағалауына алған.
- Қалай алып жатыр ма? Қаншадан сатып жатсыздар?
- 1700, 1800 болып жатыр.
Айта кетсек, бұл Түркістан облысының ел астасында өткізіп отырған ауыл шаруашылығы өнімдерінің үшінші жәрмеңкесі. Ұйымдастырушылар мұндай жәрмеңке тек қала тұрғындарына ғана емес, сондай-ақ шаруалардың өзіне де тиімді дейді.
Нұрбек БАДЫРАҚОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл жерде тікелей шаруа өзінің өндірген өнімін ортадағы алып-сатарларсыз тікелей қала тұрғындарына сатып отыр. Яғни ортадағы алып-сатарлар болмағандықтан баға арзан әрі біздің шаруларға да қайда өткіземін демейді, тіке осы жәрмеңкеге келіп өнімін өткізіп жатыр.
Жаздың соңғы күнінде қалың киінген нұр-сұлтандықтарға, түркістандықтандар арзан бағадағы өнімдерден бөлек, ерекше көңіл- күй сыйлады. Әннен шашу шашқан өнерпаздар арасында елге танымал жұлдыздар да бар.
Ә. Өмірзақ