Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Астана» телеарнасының футболшылары тағы да үздіктер қатарында

AstanaTV
02.09.2019ж. 20:00
1821
«Астана» телеарнасының футболшылары тағы да үздіктер қатарында

«Астана» телеарнасының футболшылары тағы да үздіктер қатарынан көрінді. Журналисттер біріншілігінің 6-шы маусымында "А" лигасында бақ сынаған әріптестеріміз 12 кездесуде, қарсылас қақпасына 43 доп соғып, тек 19 гол жіберген. Бұл чемпионаттағы ең үздік көрсеткіш екенін айтып өткіміз келеді. Жарыс қорытындысына сай "Астана" арнасы күміс жүлдені қанжығалады.

Ұлан АҚСҰЛТАНОВ, «АСТАНА ТВ» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

Біріншіден биылғы маусым өте жақсы деңгейде өтті. Әр команада жақсы дайындықпен келді. Әр командада жақсы, жақсы ойыншылар қалыптасқан. Біздің команда үшін өкінішке орай екінші орын алып қалдық. Оған қарамастан біз ары қарай жылжудамыз.  

Жекелей номинациялар бойынша команда мүшесі Дмитрий Покидаев осымен төртінші рет - «Үздік қақпашы» атанды. Ал Ернұр Досжанов жазғы маусымның қорытындысы бойынша үздік үш қорғаушы қатарынан табылды. Айта кетсек, қысқы мауысымда «Астана» командасы 1-ші орын иеленген болатын. 

Ә. Өмрзақ