$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президент бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

AstanaTV
18.10.2017ж. 20:00
3332
Президент бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Президент бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады. Салтанатты рәсімге барлығы жеті елдің Төтенше және Өкілетті елшілері қатысты. Астанадағы Ауғанстан, Польша, Канада,  Финляндия, Бельгия, Франция, Эстония елшіліктерінде жаңа дипломаттар жұмысқа кірісті. Елбасы олардың қызметі Қазақстанның жаңа даму кезеңіне тұспа-тұс келгенін атап өтті. Яғни «Рухани жаңғыру» бағдарламасы әрбір азаматымыз үшін ерекше мәнге ие»,- деді. Президент шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі екенін айтты. Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одаққа, Орталық Азия мен Қытай нарығына шығатын инфрақұрылым қалыптасты. Инвесторлармен және бизнеспен өзара тиімді іс-қимыл орнату мақсатымен «Қазақ Инвест» және «Қазақ Экспорт» ұлттық компаниялары құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Жасыл» технологияларды дамыту жөніндегі БҰҰ-ның халықаралық орталығы және ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі.