Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Данияр Ақышев РБК банкіне қатысты пікір білдірді

AstanaTV
18.10.2017ж. 20:00
2377
Данияр Ақышев РБК банкіне қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев РБК банкіне қатысты толық ақпарат беруге дайын еместігін айтты. Себебі акционерлердің жауабын күтіп отырған көрінеді. Әзірге белгілісі, банктің қаржылық тұрғыда қиындықтарға тап болғаны ғана. Алматыда наразылық шарасын ұйымдастырғандардың да алаңдауына негіз жоқ дейді. Жеке тұлғалардың 10 млн теңгеге дейін ұлттық валютада сақталған депозиттері мен 5 млн теңгеге дейінгі шет ел валютасында сақталған депозиттерінің қайтарылуына мемлкет кепілдік береді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Онда квазимемлекеттік компаниялардың, жеке және заңды тұлғалардың қаражаты сақталған. Осының бәрін ескере келе біз қазір үкіметпен де, квазимемлекеттік холдингтермен де мәселені жан-жақты талқылап жатырмыз. 

Жалпы алғанда, банктердің жағдайы тұрақты. ҚазКоммерц банкіне қатысты  қаржылық қиындықтар шешілген. Ал жарғылық капиталы 45 миллиард теңгеден асатын, бірақ төмен көрсеткішті кредиті бар банктер Ұлттық банкке өтініш берген. Олар - АТФ банкі, Еуразиялық банк, Цесна банк және Центркредит банкі. Қаржы секторын қалыпқа келтіру бағдарламасы аясында осы қаржы институттарына 410 миллиард теңге беру жоспарланған.