Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жезлды көлікті тоқтату үшін пайдалануға болмайды - ІІМ

AstanaTV
04.09.2019ж. 20:00
1858
Жезлды көлікті тоқтату үшін пайдалануға болмайды - ІІМ

Алатаяқты жол бойындағы көлікті тоқтату үшін пайдалануға болмайды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, жезлдың пайдалану ережесін айтып берді. Оның полицияға не үшін қайтырылғанын түсіндірді. Айтуынша алатаяқсыз жұмыс істеу инспекторлар үшін қауіпті. Жол қозғалысын реттеу кезінде 5 полиция қызметкері дене жарақатын алған. Сондай-ақ, түнде және тұманды күндері құр қолмен жолды басқару қиынға соғыпты. Министрдің сөзінше, 2017 жылы жезлдер қолданыстан шығарылысымен арнайы қоймаларға жөнелтілген. Сондықтан жаңасын алу қажеттілігі жоқ көрінеді. Естеріңізде болса, осы айдың бірінші күнінен бастап жол қозғалысын реттеу үшін полицейлердің қолына алатаяқтар қайтарылған болатын. 

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Инспектор көліктерді тоқтату үшін жезлды пайдалана алмайды. Оған тыйым салдық. Себебі ол өзі үшін де, жол қозғалысына қатысушыларға да қауіпті болуы мүмкін. Барлық ереже бұзушылықтар бейнебақылау жүйесіне тіркеліп отырады. Сондықтан жол бойында тұрып, автокөлік тоқтауға қажеттілік те жоқ.

Д. Қайыртай