Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Нұр-Сұлтандық тұрғындар ауыз сусыз отыр

AstanaTV
04.09.2019ж. 20:00
3142
Нұр-Сұлтандық тұрғындар ауыз сусыз отыр

Елордадалықтар ауыз суды дүкеннен сатып алуға мәжбүр. Осындан төрт жыл бұрын жүргізілген орталық су құбыры мен кәріз желісі "Достық" тұрғын алабына әлі күнге дейін қосылмаған. Тұрғындардың жан-айқайын тыңдап қайтқан әріптесім тақырыпты жалғастырады. 

Алматы ауданына қарасты Достық тұрғын алабында тұратын әрбір үйде осындай қазылған құдық бар. Десе де су ішуге жарамсыз, тым ащы. Оны тек тұрмыс жағдайында ғана пайдаланып жүр. Ал, ауыз суды көшенің бас жағындағы орталық құдықтан алады. Кейде дүкеннен сатып ішуге мәжбүр. Ғалия апа бұл жерде жиырма жылдан бері тұрады. Содан бері, көрген күніміз осы деп отыр. Жарықтың да мәселесі шешімін таппаған. 

Ғалия НАГЫМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ең бірінші проблема свет болған, біз көшіп келген кезде. Сол проблема әлі тұр. Өйткені біз светті развезкадан аламыз, қаладан алмаймыз. Сондықтан, светіміз нашар. Келіп тұрған светтің киловаты 180 ғана 220 болу керек қой. Екіншіден, күн жел болса, жауын болса шашын болса обезательно сөніп қалады. 

Тұрғындардың тағы бір проблемасы қалдық су. Көпқабатты тұрғын үй кешенінен шыққан лас су олардың мазасын қашырған. Кәріз суы жер бетіне кілікіп шыққан. Ал, оның жағымсыз иісі қолқаны қабады. Тұрғын алабындағылардың басым бөлігі орталық кәріз желісіне қосылмапты. Оған рұқсат жоқ. Көпқабатты үй тұрғындары болса оған заңсыз қосылған деді жергілікті атқамінерлер. 

Руслан АБДУАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФОРҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазіргі уақытта бақыланып жатқан құбырлардың, құдықтардың су басу мәселесі Достық тұрғын алабының тұрғындарының қазіргі уақытта жұмыс жасамайтын кәріз желілеріне өз еркімен қосылу себеп болып отыр. Кәріз жүйесі мен су құбырлар желілеріне қосылу үшін әуелі тұрғындар барып «Астана су арнасынан» техникалық шарттарды лаып, сол техникалық шарттарды алған соң ғана қосылуға болады. 

Әкімдік өкілдері "Достық" тұрғын алабына кәріз және су құбырлары әлдеқашан тартылып қойғанын жеткізді. Бірақ әлі іске қосылмаған. Оны қосу үшін көршілес жатқан елді-мекендерге құбыр тарту жұмыстары аяқталуы тиіс, деді. Бұдан бөлек, аялдама мәселесі де бұл аумақта шешімін таппапты. 

Аман ОРЫНБАСОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мына адамдарға тұратын аялдамаларда қалқа жоқ. Ана тұрған мусордың үстінде қалқа бар, Былай айтқанда, Алматы районы қалаға жатқанымызбен, бірақ ауылдың өмірінен шамалылау. 

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Осылайша, Достық шағын ауданында аталмыш жұмыстың барлығы 2020 жылға жоспарланып отыр. Қалалық типтегі аялдама павильондарын орнатуда келесі жылдың еншісінде. Ал, кәріз желісіне рұқсатсыз орнатуға жол берген тұлғаларды анықтауға арнайы комиссия құрылмақ. 

А. Данияр