Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде сотталған төрт полицейдің жақындары наразылыққа шықты

AstanaTV
09.09.2019ж. 20:00
1919
Ақтөбеде сотталған төрт полицейдің жақындары наразылыққа шықты

Ақтөбеде жәбірленушіні азаптау бабымен сотталған төрт полицейдің жақындары наразылық танытты. Олар өткен аптада шығарылған сот үкімімен келіспей, облыстық прокуратураға барды. Бақыт рахметова мән-жайды білді.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Қылмыстық іс материалдарына сүйінсек, оқиға 2019 жылдың 25 қаңтарында болған. Бір топ полицей жәбірленуішіні ұрып-соғып, азаптап істемеген қылмысын мойындатпақ болған көрінеді. Тергеу тоғыз айға созылып, өткен жұмада үкім оқылды. Ақтөбе қалалық №4 полиция бөлімі бастығының орынбасарынан бастап, тағы үш полицей жазаға тартылған.

Анар АЙТЖАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

«Сотта анықталғандай, полиция қызметкерлері Құлмұхамбетовке жасамаған қылмысын мойындату үшін оның ар-намысы мен қадір-қасиетін физикалық және моральдық азап келтіру арқылы қорлаған. Сот үкімі бойынша Есанов Руслан, Темірғалиев Марат, Таласбаев Асылбек және Ходжибаев Дастан ҚР ҚК 146 бабының 2 бөлігінің 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Руслан Есанов пен Марат Темірғалиевке бес жыл мерзімге бас бостандығынан және 3 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында қызмет ету құқықтарынан, сонымен қатар полиция капитаны шендерінен «Ерлігі үшін» төсбелгісінен айырылды. Қалған екеуі 4 жылға сотталды. Істі болған полицейлердің жақындары үкіммен келіспейді.  

Әсия МЫРЗАБЕКОВА, СОТТАЛУШЫНЫҢ АНАСЫ:  

«Барлығы төртеуі де жұмыста болды. Сол уақытта күні-түні олар жұмыста, жұмыстарын жасады. Қылмыспен күресті, асоциальный элементтермен күресті. Онда біздің балаларымызды сол асоциальный элементтен қорғай алмай ма? Онда көбейтсін соларды үкімет. Неге менің балам қылмыскер болса, осы аралықта 23 июньде оған майор атағын береді».

Данияр ТЕМІРҒАЛИЕВ, СОТТАЛУШЫНЫҢ АҒАСЫ:  

«Рецидивист он рет сотталған адам, адам өлтіруші өзінің полицияға наразылығы бар. Месть дейді ғой соны істеп отыр. Полицияға түскен себебі үш адам болып мылтық ұрлаған оның қасындағы екі адам 7 жылға сотталып кетті. Бұны арнайы соттамай отыр. Полицияға іс қозғап, показатель есебінде отырғызу үшін».

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Айта кетейік, сотталған полиция қызметкерлерінің жақындары Ішкі Істер Министрлігіне, тіпті Президентке дейін арызданбақшы.

Б. Рахметова