Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қоғамдық көлікпен жүрген шымкенттік шенеуніктер кемшіліктерді тізді

AstanaTV
18.10.2017ж. 20:00
3459
Қоғамдық көлікпен жүрген шымкенттік шенеуніктер кемшіліктерді тізді

Шымкентте шенеуніктер қоғамдық көлікке мініп қана қоймай, ондағы кемшіліктерді жіпке тізе бастады. Осымен үшінші күн автобуспен қатынап жүрген ақ жағалылар автобустардың лық толып, кейбірі  кешкі сегізден соң жүрмей қалатынына куә болды. Халықтың көкейіндегі бірқатар ұсыныс тілектерді жолаушылар тасымалы қызметіндегілердің назарына ұсынатынын жеткізді.

Шымкенттің бас ұстазы Жанат Тәжиева жұмыстан соң үйіне жету үшін кезекті автобусты күтіп тұр. Қоғамдық көлікпен жүру аса жаңалық еместігін айтады. Есесіне халықтың ортасында болып, пікірлесуге жақсы дейді. Әттеген-ай дегізетін тұстарға куә болған.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы:

Екеуінде билет бермеді, ақыны тек қалтасына салып алды. Ал бір ғана №35 автобустан ғана мен өзім билет алдым.

Мұндай олқылықтарға қала әкімінің орынбасары да куә болыпты.

Тимур Баймұқанов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

Киоскінің қасында жинап қойған қоқысты көріп отырмыз. Соны бірден айтқызып, дереу шұғыл шара қолданып, тазаланып, жақсы болып қалды.

Әкімдік қызметкерлері қоғамдық көлікке отырса, не өзгереді деген сауал көптің көкейінде. Кей жолаушылар бұл атқамінерлерді халыққа бір табан жақындата түседі дейді

Пайда бар де ойлаймын. тексеріп тұрғаны жақсы, жол ережесін, жол қатынасын.

Жақсы болыпты онда, көрсін, жүрсін. Мүмкін, өзгертетін шығар бірдеңе.

Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қол астындағы басшыларға  бір айға қызметтік көліктен бас тартуларын ұсынған. Ал әкімнің өзі бұл қалыпты көрініс екенін айтты.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:

Это же нормально, а вы из этого делаете такой ажиотаж. Мы нормальные люди, такие, как и все. Бұл проблемаларды біз білгенбіз. Бірақ оны одан да жақсы білу үшін, өзіңнен өткізу керексің да.

Шаһар басшысының қол астындағыларды автобустарға отырғызуын халық арасында қолдағандар да, сынаушылар да табылып жатыр. Пиарға балайтындар да көп.

Ланга Черешкайте, саяси пиар жөніндегі сарапшы:

Бұның бәрі - имиджді көтерудің жолы. Әкім «бір оқпен екі қоянды атып алды» десек болады. Қарамағындағыларды халықтың арасында болып, қоғамдық көліктегі проблемаларды көзбен көруге жетеледі,  имиджін көтерумен қатар халықтың сеніміне кіре алды.

Ал Жанат Тәжиева қоғамдық көлікпен қатынауды «бір күндік пияр» дейтіндермен келіспеймін дейді. Мұның тәрбиелік жағына үңілген жөн деген бас ұстаз өзінің де ұсынысын алға тартты. 

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы:

Қай аялдамаға келгені кондукторлардың тарапынан айтылмайды екен, қандай автобустар қатынайтыны, ол қанша аралықта келетіні және ол қай жерлерге баратыны жолының схемасы сызбасы сызылған болса, тіпті жақсы болар еді.

Ал салаға жауапты шенеунік жолаушы тасымалдау қызметінде тәртіп орнатуға көпшілік алдында уәде берді. Яғни автобустардың қозғалу кестесі мен көліктердегі тазалық  сақталып,  жолаушысы көп бағыттарға қосымша көліктер бөлінбек.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Айта кетейік, шенеуніктер алдағы дүйсенбіден бастап жұмысына қалаған көлігімен қатынауға ерікті. Мейлі жекеменшік автокөлігімен, мейлің шайтанарбамен болсын. Ал оларға тиесілі қызметтік көліктер әзірше қарашаның ортасына дейін әкімдіктің тұрағында қала тұрмақ.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ