Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбе облысында ХҚКО-нда жыл басынан бері 1000-ға тарта заң бұзу дерегі анықталған

AstanaTV
18.10.2017ж. 20:00
3049
Ақтөбе облысында ХҚКО-нда жыл басынан бері 1000-ға тарта заң бұзу дерегі анықталған

Ақтөбе облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарында жыл басынан бері 900-ден астам заң бұзу дерегі анықталған. Бұл туралы мемлекеттік қызметтер туралы заңның орындалу барысы талқыланған жиында айтылды. "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы осы тақырыпта партиялық тыңдау ұйымдастырған. Халыққа қызмет көрсететін орындардың жұмысы әрқашан партия назарында. Сондай-ақ саяси ұйым өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінде мүгедек жандарға тиісті жағдай жасалмағанын анықтады. Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар 3 миллионнан астам қызмет көрсеткен. Оның тек 230 мыңдайы ғана электронды түрде атқарылған.

Амангелді Есіркепов, «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының партиялық кураторы:

«Бос үстелдер болса да тұрған, сол столдар жұмыс жасау керек, менің ойымша. 15 тұр ма, кей жерлерде сол он бесінің 70-80 проценті әлі де болса жұмыста емес. Себебі адам жоқ дейді, техникалық үзілісте дейді, түскі асқа кетті дейді, тағы сол баяғы уәждер айтатыны. Жалпы келген адам оларды күтіп қалып отыр. Міне, әлі де болса осындай кемшіліктер бар. Жалпы, үлкен проблема жоқ, халыққа қызмет көрсету орындары дұрыс жолға қойылып келе жатыр. Тек уақыт керек».