Шымкентте көппен бірге несиесі кешірілмей қалған, алтын-күміс алқа иегерлері банктерді жағалап жүр. Екі күннен бері, екінші деңгейлі қаржы құрылымдарынан жауап ала алмадық деген оншақты ана, бүгін Ұлттық банктің филиалына жиналды. Аудан, ауылдан келгендер, банктен ақшалай қарыз алғандар. Бірі баласын оқытуға, енді бірі баласын емдетуге, тіпті баспана салу қажеттіліктерге де несие рәсімген. Президент жарлығынан үміттенгенмен ешқандай хабарлама келмеді деп отыр.
Ақсәуле ЕСЕКЕНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Санатқа кіруім керек мен. Өйткені менің қолымда инвалид 1-топтағы қызым отыр и тұл жетім қыз отыр. Өзім зейнеткермін. Зейнеткерлік ақшам менің бары-жоғы 33 мың есептеп қарасында. Сонда мен инвалидті бағам ба, жоқ әлде тұл жетімді бағам ба?..
Жұмагүл ПАРПИЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:
Менің өзімнің кредитім бар, күйеуімнің де кредиті бар, үлкен баламның да кредиті бар. Ешқайсымызға жеңілдік жоқ. -бәрін қосқанда қанша ақша? -көп болса миллион болар, өзім 500 алғам, бір жылдан бері төлеп тұрмын. Баламдыкі 200-300 шығар, аз бәріміздікі, ешқандай бізге жәрдем жоқ.
Ал Ұлттық банктің жергілікті өкілі, екінші күн шулаған халыққа жағдайды түсіндіріп жатқандарын айтты. Тізімді олар жасамайды, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен әлі де қосымша тізімдер болатынын жеткізді. Біздің міндет - халықтың несиесі жойылды ма, жоқ па? сол жағын қадағалау ғана деді.
Абылғазы ҚАЛНАЗАРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Тізімге қосылмай қалған адамдар өздері Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне арыз жазуы керек. Өзінің инвалид екенін, құжаттарының бәрін жиынтығын қосымша тігіп, өздері арызданып жазу керек. Жергілікті әкімдіктердің басқармалары қарайтын болады 11-сентябрьден бастап немесе еңбекті қорғау және әлеуметтік департаменттері бар облыстар, қалалық басқарламалар соларға барып консультация алуға болады.