Қазақстан Қытаймен сауданы күшейтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-мен екі ел арасындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуды талқылады. Президент бұл күндері көршілес елде мемлекеттік іс-сапармен жүр. Бейжіңге келген Қасым-Жомарт Тоқаевты аспан асты елі зор қошамет көрсетіп қарсы алды. Ресми бөлімнен кейін президент ҚХР басшысы Си Цзиньпинге қазақстандық делегацияны таныстырды. Мемлекет басшысы кездесу тарихи күн - Қытай Халық Республикасының 70 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, болашақта "көршілер" тек ынтымақтастықты нығайтатын болады.
Мемлекеттік сапар бағдарламасы мазмұнды. Президент Қытайлық шенеуніктермен ғана емес, ірі кәсіпкерлермен де кездесіп үлгерді. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы әріптестікті қалай одан әрі дамытуға болатынын айтты. Мысалы, Қазақ-Қытай сауда-саттығы 12 млрд долларға жетті. Президент бұдан да арттыруға болады деп отыр. Ол үшін Пекин тауарларын Қазақстан арқылы Еуропаға таси алады. Бұл уақытты үнемдейді. Ал Қазақстан Қытай нарығына бидай, сүт өқнімдері мен ет экспорттай алады.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Былтыр Қытайға эспортталған бидай көлемі 550 мың тоннаға жетті. Бидай экспортының көлемін 3,5 есеге, яғни 2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға болады. Қазақстан тұзын халықарлық нарықтарға экспорттау көлемі артып келеді. Біз қытайға жылына 100 мың тоннаға дейін ас тұзын жіберуге әзірміз. Қазақстан сондай-ақ, соя, зығыр сияқты майлы дақылдарды экспорттай алады. Біз экологиялық таза азық-түлік өндірісін ұлғайтып, Қытай нарығына шығаруға ниеттіміз.
Бүгін қос ел басшысы 10 шақты келісімге қол қойды. Айта кетейік, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретінде Қытайға жасаған алғашқы сапары.