Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Маңғыстау облысындағы «Қошқар Ата» қалдық-қоймасы қалпына келтіріледі

AstanaTV
13.09.2019ж. 20:00
3644
Маңғыстау облысындағы «Қошқар Ата» қалдық-қоймасы қалпына келтіріледі

Маңғыстау облысындағы «Қошқар Ата» қалдық-қоймасы қалпына келтіріледі. Тек ол үшін жергілікті атқарушы орган жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, Экология министрлігіне жолдауы керек. Бүгін «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне бейнебайланыс арқылы Ақтау қаласының тұрғыны осы мәселені көтерді. Ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев Каспий маңы аймағындағы күрделі проблемадан хабардар екенін білдіріп, қойманы залалсыздандыруға қаражат бөлінетінін айтты. 

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Қазір біз облыс акиматынан керекті құжаттарды күтудеміз. Бізге құжат түскеннен кейін ақша бөлінетін болады. «Қошқар Атаның» проблемасы бізге өте таныс. Сондықтан ол біздің жіті қадағалауда.

Бауыржан КАСАБЕКОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында бағыттардың бірі - экологиялық ахуалды жақсарту болғаны мәлім. Осы мәселе бойынша партияға азаматтар әр түрлі идеялармен, жобалармен жиі хабарласады. Қазіргі кезде осы мәселелерді талқылау үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің азаматтарды арнайы қабылдауы ұйымдастырылған.

Бүгін партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде Ауыл шаруашылығы министрі де азаматтарды қабылдады. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Роза Мұхамбет «жалға алып отырған жер телімінің мерзімін ұзарта алмай отырмын» деп шағымданды. Айтуынша, аудан әкімдігі кәсіп иесінің өтінішін қасақана қабыл алмай отырған көрінеді. 

Cапархан ОМАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: 

Облыс әкімімен сөйлесем, сіздерді қабылдасын деп өтініш жасаймын. Ол қабылдайды. Содан кейін мына жерде Жер комитеті бастамаларды біледі екен. Әрі қарай сіздің осы тірлігіңізді бақылауға алады. Егер керек болып жатса, ертең сұрақ шешілмей жатса, осы жақтан тексеру жібергіземіз.

Д. Қайыртай