$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ғаламтордағы алаяқтар азаймай отыр

AstanaTV
16.09.2019ж. 20:00
3875
Ғаламтордағы алаяқтар азаймай отыр

Абайлаңыздар! Жалған Онлайн-сауданың құрбандары артып келеді. Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері сан соққан мыңнан аса адам- полицияға арызданған. Бұл ресми дерек. Ал, шағымданбағаны қаншама? Құзырлы орган өкілдері болса, ғаламтордағы алаяқтарды қолға түсіру қиын дейді. Әріптесім Асылбек Даниярдың репортажы. 

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ: 

Қазіргі адамдарды ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Оның ішінде небір жаңалықтан хабардар болатын ғаламтор мен әлеуметтік желілінің пайдасы орасан. Дегенмен, осы арқылы жеңіл ақша тапқысы келетіндерге алданып сан соғып қалғандардың саны едәуір.

Жақында ғана 1-курсқа қабылданған Аяла, телефон алаяғының құрбаны болған. Оған белгісіз біреу әлеуметтік желі арқылы ақша көбейтудің оңай жолын түсіндіріпті. Лезде олжаға кенелемін деп ойлаған ол туыстарыннан да ақша алған.  

Аяла:

Өзінің жеке куәлігін жібергеннен кейін алдамайтын шығар деп 10 мың теңгеден бастап көрейін деп 10 мың салдым. Одан соң айтты 2 сағат күтесің деп. Енді күтіп отырған кезде 10 мың теңгенің акциясы бітіп қалыпты енді 20 мың салмасаң күйіп кетеді ол акция басталады дегенше деп айтты. Біраз уақыт өткеннен кейін сен 2 миллион ұтысқа ие болдың оны алу үшін 70 000 комиссиясын төлеу керек деп айтты. Одан кейін мен түсіне бастадым.

Отандық танымал актриса-тележүргізуші Салтанат Қалиеваның, 200 мың оқырманы бар инста-парақшасын белгісіз біреулер бұзып, өзіне сатпақ болған. Бірақ ол өзіне жаңа парақша ашып алуды жөн көрген. Ұзақ уақыт өтпей парақшаны алаяқтардан сатып алған оқырманы, актирсаға сыйға тартқан. 

Салтанат ҚАЛИЕВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ-АКТРИСА: 

Почтама бір хат келді. Тексеріп көрдім Инстаграмның өзінен сияқты болды. Сосын почтамының паролын бердім. 1 сағаттың ішінде инстаграм ауыса бастады. Паролдарымда білетінімді бәрін жасадым. Жартты сағаттай кішігірім соғыс болды, бірақ ол кісілер ұрлықшылар яғни хаккерлер жеңді. Сөйтіп парақшамды тартып алды.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті мамандарының сөзінше, жыл басынан бері интернет алаяқтығына байланысты 1080 арыз түскен. Оның 400-ден астамының қылмысы әшкере болыпты.  

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ: 

Интернет алаяқтықтың кең тараған түрі - интернет желісінде тауарларды сату. Жоқ тауардың суреттерін алаяқтар интернетке жариялайды. Астына әлбетте ұялы телефондарын көрсетеді. Алдын ала төлем немесе толықтай төлеп отырған жәбірленушілер бар.

Заң саласының мамандары соңғы уақытта бұндай қылмыстардың белең алып бара жатқанына алаңдаулы. Әсіресе, жәбір көретіндердің басым бөлігі студенттер болатынын жеткізді. 

Аржан САДУАҚАС, ЗАҢГЕР: 

Белгісіз бір сайттарға кіріп, лайк баса салыңыз, тіркеле салыңыз дегендерге кірмеңіздер. Оларға ешқандай тіркелуге болмайды. Олар сіздің телефоннан, компьютерден данныйларыңызды алып алады. Біреуге бірдеңе төлемес бұрын біріншіден ойланып алу керек. Немесе өзіңіз іштей дайын болу керексіз сол ақшамен қоштасуға.

Құқық қорғаушылар интернет алаяқтығын ұсақ қылмыс тобына жатқызады. Осыдан болар арызданушылар аз. Қалай болғанда да қауіп қайдан келеді демей, әркез сақ болғаныңыз жөн. 

А. Данияр