Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қ. Сәтбаевтың 120 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды

AstanaTV
16.09.2019ж. 20:00
3602
Қ. Сәтбаевтың 120 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды

Бас қалада Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды. Көрмеге академиктің атындағы Баянауыл мемориалдық мұражайынан әкелінген 124 жәдігер қойылған. Олардың қатарында профессордың қолданған бұйымдары, зерттеу еңбектері мен минералдар жиынтығы бар. Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президентінің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертер экспонаттар Ұлттық мұражайда келушілердің назарына ұсынылмақ. Шара барысында Қаныш Сәтбаевтың тек геология ғылымының майталманы ғана емес, өнертану саласына да сіңірген еңбегі дәріптелді.

Жамбыл АРТЫҚБАЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: 

Біз құнды жәдігерлеріміздің түпнұсқасын тек өз елімізде ғана емес, шет мемлекеттерге де көрсете алуымыз керек. Сәтпаев тұлғасы феноменге айналды. Алашордалық интелегенциядан кейін қалған саусақпен санарлық ғана жас қайраткерлердің бірі осы Қаныш. Сондықтан, оның қалдырған мұрасын әлі де тереңірек зерттей түсуіміз керек.

Айта кетейік, академиктің Баянауылдағы мұражайы 1964 жылы салынған. Онда қайраткерге қатысты 4 мыңға жуық құнды материал сақтаулы. Олардың 2 мыңнан астамы ғалымның бұйымдары. 

Ғ. Өтемісов